Түркістан облысында полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған сазанды, 1 дана үрмелі резеңке қайығын, 2 дана шанышқы құралын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.