• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2023

Франциялық мамандар – Жетісуда

344 рет
көрсетілді

Жетісуға Франция еліндегі Кюри институ­тының мамандары кел­ді. Олар сүт безі обырын ерте диагностикалауды және маммографиялық скринингтің нәтиже­лі­лігін арттыру бойын­ша пікір алмасты. Сол мақсат аясында ауру­ха­­наларды аралап, он­ко­­логиялық көмек көрсе­ту барысымен таныс­ты.

Кюри институтының ха­лықаралық даму бөлімінің басшысы Ж.Сустье, скрининг жөніндегі маман А.Лезур, медициналық менеджмент жөніндегі кеңесші Л.Монтевекки және алғашқы көмек жөніндегі маман Л.Кис­линг сүт безі қатерлі дер­тінің алдын алу, скрининг жүргізу жұмыстарын бақылап, маммограф, ультра дыбыстық зерттеу мен маммолог кабинеттерінің жұмыстарын көрді. Сонымен қатар маммографиялық скрининг кезең­дерін жүргізудің құрылымы мен диагностикаға және ерте емдеуге арналған қолданыстағы аппараттармен егжей-тегжейлі танысты.

Облыстық көпсалалы кли­­никаның директоры Ма­­дияр Өмірбаев Жеті­су өңірі онкологиялық кө­мек көрсе­ту, сондай-ақ скринингтік бағдар­лама­ларды ұйымдастыру бойын­ша республика бойынша көшбасшы облыс екенін атап өтті.

Франциядан келген ма­­ман­дар Көксу орталық аудан­­­дық ауруханасына барып, емхана шеңберінде ау­дан­­дық деңгейдегі скри­нинг­тік бағдарламаның ұйым­дастырылуымен жә­не қатер­лі ісіктердің алдын алу­ға бағытталған әйел жә­не ерлерді қа­рау, дәрі­герге дейін­гі кабинеттер жұ­мысы­мен тереңірек танысты.

Ауруханада Франциядан келген делегация өкілдеріне сүт безі қа­терлі дертінің скринингінің барлық кезеңі, соның ішінде тіркеу, тексе­ру кабинеттері, маммологтер ка­би­нет­­тері, маммография каби­нетте­рі, ультрадыбыстық кабинеттер көрсетілді.

«Біз скринингке қатысты біраз мәлімет алдық. Екі мемлекеттің алға қойып отырған мақсаты бір – маммографиядан өткізу және скрининг арқылы ауруды ерте сатысында анықтау жә­­не көп уақыт жоғалтпай емді бастау. Сондықтан бұл ба­ғыттағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз», де­ді Кюри институтының х­а­лық­­аралық даму бөлімінің бас­­шысы Ж.Сустье.

Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліме­тінше, өңірде сүт безі қатерлі дертіне шалдыққан 159 жаңа жағдай тіркеліп, жалпы 1 368 әйел есепте тұр.

Айта кетейік, 2018 жы­лы өңірде онкологиялық ауру­ларды ерте анықтауға мүм­кіндік беретін жасанды интеллектімен «PACS жүйесін енгізу» ауқымды жобасы іске асырылған еді.

 

Жетісу облысы