• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Хоккей 05 Желтоқсан, 2022

Елордалық «Барыс» «Салават Юлаевты» жеңді

301 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» өз алаңында Уфадан келген «Салават Юлаев» командасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекпе-жек басталмас бұрын Ресей клубы Лиганың Шығыс конференциясында бесінші орында, ал қазақстандық клуб тоғызыншы орында болған.

Қарсылас команда ойынның бірінші кезеңінде есепті ашса, кейінірек мұз иелері Аркадий Шестаковтың күшімен есепті теңестірді. Жеңіс шайбасын Егор Петухов салды. Нәтижесінде ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Айта кетсек, 6 желтоқсанда «Барыс» Қазанның «Ақ Барсымен» кездеседі.