• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2022

Екібастұзда Қазақстандағы электр өндіретін ең үлкен станция салынуда

331 рет
көрсетілді

Станцияның жобалық қуаттылығы 4 мың мегаВатты құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де болды. Кәсіпорынның бас директоры Ержан Ертаев жыл сайын электр энергиясын өндіру көлемі артып жатқанын атап өтті. 

- 2021 жылы 22,8 миллиард килоВатт электр энергиясы өндірілді. Бұл соңғы 35 жылдағы рекорд. Бұған дейін бұндай көрсеткіш 1986 жылы болған, - деді Ержан Ертаев.

Қазір 1-МАЭС-те №3, 4 және 6 энергоблокта ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Одан бөлек, кестеге сәйкес №2 энергоблокта күрделі жөндеу, №7 және 8 блокта ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, Ержан Ертаев қазір №1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатқанын атап өтті. 

- Бұл Қазақстандағы ең көп электр өндіретін станция болмақ. Жалпы инвестиция көлемі - 162 миллиард теңге. Бұндағы жұмыстар 2012 жылы басталған. 2023 жылдың желтоқсанында аяқталады. Жобаның мақсаты – қуаттылықты 4 мың килоВаттқа дейін жеткізу. Бірақ жоба тоқтатылып, 2021 жылы сметалық-құжаттамасына өзгерістер енгізілді. Қазір кестеге түзетулер енгізілген. Жыл соңына дейін кестені қуып жетеміз деген ойдамын, - деді Ержан Ертаев.

Министрліктің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов жоба неліктен тоқтағанын айтты. 

- Сол кезде министрлікпен инвестиция бойынша келісім болмады. Бірақ министрліктің ұйғаруымен жұмыс 2024 жылы аяқталуы керек болған. Кейін 1 жылға ілгерілетілді, - деді Сұңғат Есімханов.

Бас директор қазір №1 энергоблок бойынша мәселелер жоқ екенін және материалдар мен қаржы бар екенін атап өтті. Құрылыс жұмыстары барысында 500 жұмыс орны ашылды. Ал, станцияның іске кіріскенде штатта барлығы 1443 адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар