• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Сәуір, 2022

Морозовтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

240 рет
көрсетілді

Қазақстандық файтер Сергей Морозовтың UFC-дегі келесі кездесуі өтетін күн және қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз әлемнің ең үздік лигасындағы кезекті жекпе-жегінде бразилиялық Раулиан Пайвамен кездеседі.

Морозов — Пайва жекпе-жегі 25 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Пайва қазақстандық ММА жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2020 жылы Жалғас Жұмағұловты жеңген.