• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Сәуір, 2022

Кім-Асар шатқалында адасып кеткен туристер табылды

457 рет
көрсетілді

Жоғалған адамдар қызметтік иттердің көмегімен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Кім-Асар шатқалында ер мен әйел адамның адасып кеткені туралы хабар түскен.

Адасқандардың нақты геолакациясы ұялы телефон көмегімен анықталған. Сондай-ақ оларды табуға қызметтік иттің көмегі көп болған.

«Туристер Бутаков шатқалы маңында адасып кеткен. Қар қалың болғандықтан киімдері су болған. Құтқарушылар оларға жылы киім беріп, қауіпсіз жерге жеткізді», делінген РЖҚЖ хабарламасында.