• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Шілде, 2021

Бүгін «Қайрат» Израиль командасымен қарымта ойын өткізеді

268 рет
көрсетілді

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» өз алаңында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен қарымта ойын өткізбек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетсек, екі команда 7 шілдеде өткен Израильдегі кездесуде 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бүгін жеңіске жеткен клуб жарысты жалғастыратын болады.

«Маккаби» (Хайфа) 1913 жылы құрылып, Израильдің 13 дүркін чемпионы атанған. 2020/21 жылғы маусымда жеңімпаз тұғырынан көрінген олар бұл жетістігін тура он жылдан кейін қайталап отыр.

Екі команда былтыр UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында кездесіп, израильдік клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бүгінгі «Қайрат» пен «Маккаби» (Хайфа) арасындағы кездесу елорда уақытымен 19.50-де басталады. Жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасында өткізілетін тікелей эфирде тамашалай алады.