Экология 11 Қаңтар, 2021

Еліміздегі үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

152 рет
көрсетілді

11 қаңтар күні еліміз қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады, Egemen.kz деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметіне сәйкес, дүйсенбіде ауа сапасының нашарлауы Шымкент, Қызылорда және Талдықорған қалаларында күтіледі.

Қазақстанның өзге шаһарларында метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.