• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Наурыз, 2020

Орталықтың жұмысы үш бағыт бойынша жүргізіледі - Д.Абаев

173 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«Орталықтың жұмысы үш бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші - жалған ақпараттарды тауып, теріске шығару. Екінші - орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысын үйлестіру, болған жағдайларда бірлесіп, жедел әрекет ету. Үшінші - Coronavirus2020.kz сайтының жұмысын жүргізу», - деді ол. 

Сондай-ақ қазір журналистер мен азаматтардан келіп түсіп жатқан сұрақтардың басым көпшілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының іске асырылуына қатысты. Осы ретте бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметтің отырысы өтті. Барлық министрлер мен әкімдер кеше Президент берген тапсырмаларды орындау бойынша жол карталарын жасайды. Осыған орай баршаңыздан түсіністік танытып, Үкіметтің нақты тетіктерінің жариялануын күтуді сұрады.