• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2017

Жас ғалымдарға жол ашық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында қамтылған өзекті мәселелер ғалымдарды, оның ішінде Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұжы­мын бейжай қалдырмағаны сөзсіз. Елбасы Жолдауын әрбір қазақстандық және жоғары оқу орындарында жас буындар­ды тәрбиелеу саласында қызмет атқарып жүрген әрбір оқытушы дамуға бағытталған нұсқаулық ретінде пайдалана алады.  

 

Қазіргі таңда біздің ЖОО осы маңызды құжатқа сәйкес көптеген игі шаралар жоспарлап, білім алу­шы­лардың ғылым мен білімге бас­таған жұмыстарына мұрындық болып отыр. 

Осы оқу жылы жастарды ғылым­ға баулу мақсатында әрбір факуль­­тет студенттері арасын­да ір­г­елі зерттеулерін қаржы­лан­дыру үшін арнайы байқау ұйым­дас­ты­рыл­ды. Универ­ситетіміздің Ғылыми кеңе­сінің шешімімен сәуір айында физи­ка-техника факультеті екінші курс студенттерінің «Аққыш сұйық өнімді өңдеудің жаңа ин­но­вация­лық әдісі» атты жаңа тақырып­тағы жобасы жеңіс тұғырынан табы­ла білді. Әрине, бұл тұста жобаға жетекшілік жасап әрі бағыт берген факультетіміздің жас ғалымы, фи­ло­софия докторы (PhD), 2016 жыл­дың «Жоғары оқу орнының үздік оқыту­шысы» мемле­кеттік грантының ие­гері Аянбер­ген Қайырбекұлының ең­бегін ерекше айтуымызға болады. Ке­ше­гі студент, бүгінгі жас ғалым Аян­­бер­­ген өзінің алған білімімен жас­­тар арасында әрдайым бөлісіп жүреді. 

Сонымен бірге топтағы әрбір студент осы жылдың аяғына дейін баспа­дан мақалалар шығарып, зерттеу жұмыстарын толыққанды орындап қана қоймай, ай сайын университет тарапынан қосымша шәкіртақы алып отыратын болды. Бұл бастама жастарды ғылым шыңы­на жетелеп, олардың осы жолда қажырлы еңбек етулеріне өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Сонымен қатар студент жастар­дың ойларын толық іске асыру жолында 2014 жылдан бері аталған факультетте а­­р-найы «Студенттердің жоба­лау-конструкторлық бюросы» да жұ­мыс­тарын жүргізіп келеді. Бі­раз шарулар жүзеге асырылып, сту­денттер өз қолдарымен жасаған ас­пап­тарын ұсына бастады. Аталған ұжым­д­а жұмыс бес бағыт бойынша қолға алынған. Бірінші бағытта құбыр­лардың ішінде пайда болған қат­ты қақтарды тазартуға арналған қондыр­ғы дайындалса, екінші бағыт – «Робототехника» саласы. Арна­йы қызмет атқаратын роботтар құрас­ты­рылуда. Ал үшінші бағыт бойын­ша жер астында орналасқан жылу құбырларының тесіліп, істен шығу жолдарын алдын ала байқауға бола­тын аспап жасал­ды. Ауыл шаруашылығына өте қажет бидай өнім­дерінің ылғал­дылығын жылдам уа­қыт­та анық­тай­тын қазақстандық ас­пап төртін­­ші бағыт бойынша жұ­мы­сын жасауда. Ал соңғы бесін­ші бағыт­та жел энергиясын өте тиім­ді пай­даланатын және жел­дің аз жыл­дам­дығында жұмыс істей алатын Маг­нус эффектісіне негіз­делген жел электр генераторының тәжірибелік нұс­қасы дайындалды. Бұл нұсқа ЭКСПО-2017 халық­ара­лық арнайы көрмесіне де ұсынылды. 

Осы жоғарыда айтылған мәсе­лелердің барлығы біздің уни­вер­­си­тетіміздің тарапынан білім аламын деп келген жастарға көрсетіліп жатқан қолдауды білдіре­ді. Әрбір ашылған жаңалыққа жұмсал­ған қара­жат ертең еселеп қайтатындығы анық. Бұл Президентіміз Елбасы Н.Назарбаевтың ай­қын­­дап берген бәсекеге қабілет­тілік пен білімнің салтанат құруына әкеледі.

ҚарМУ ғалымдары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалғандай, латын әліпбиіне көшу бағыты бойынша да арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау мәселелеріне қарқынды түрде кірісе бастады. 

Жастар әрқашан жаңашылдыққа жандары жақын адамдар. Олар бәсе­кеге қабілетті болу өмір тала­бы екенін терең түсінеді. Біз тек қана бүгін­гі күннің жетістігімен шекте­ліп қалу­ға тиісті емеспіз. Егер әрбір ма­ман өз саласында білікті әрі білімді ізба­сар­ларын дайындаса, ол – үлкен табыс. 

Бекболат НҮСІПБЕКОВ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың физика-техникалық факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар