• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

ЭКСПО көрмесіне арналған киімдер Мәскеуде таныстырылды

433 рет
көрсетілді

Қарағандылықтар «Алтын күз» қазақ әндерінің IV  Мәскеу жастар фестиваліне  қатысты. Іс-шараның ресми  серіктесі – Ирина Нечаева сән үйі. Мәскеуде ЭКСПО көрмесіне арналған «Жүрек толғауы» киімдер коллекциясы таныстырылды. «Фестиваль Қазақстан пен Ресейдің дарынды жастарының басын қосты. Біздің коллециямызды бағалағанына қуаныштымыз. Сонымен бірге Мәскеу университетінің сахнасынан қазақ әндерін тыңдау көңілге қуаныш сыйлайды», – деді Ирина Нечаева. «Алтын күз» фестивалі жастар арасында қазақ әндерін насихаттау және екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Оның мақсаты – жас дарындарды іздеу. Ұйымдастырушылары – «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдениетінің қауымдастығы, «Қазақ диаспорасы» Мәскеу қоры және Ресей жоғарғы оқу орындарындағы қазақстандық студенттер бірлестігі.
Соңғы жаңалықтар