• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2011

Өркениеттілік көрінісі

433 рет
көрсетілді

Мәжілісте Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жа­нын­дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  Мәжілістің Әлеумет­тік-мәдени даму комитетімен бірлесіп БҰҰ-ның әйелдер және Астанадағы ЕҚЫҰ ор­та­лығының қолдауымен  Әй­ел­дерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою ту­ралы конвенцияның іске асырылу барысы туралы Біріккен үшінші және төртінші ұлттық баяндаманы талқы­лау  жөнінде дөңгелек үстел оты­рысын өткізді, деп хабар­лады Мәжілістің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсіту­дің барлық нысандарын жою ту­ралы конвенциясын 1998 жылы рат­и­фикациялаған болатын. Кон­вен­ция­ның 18-бабына сәйкес қа­ты­сушы мемлекет әр төрт жыл сай­­ын БҰҰ-ға оның орындалуы ту­­ралы мерзімді баяндама ұсынады. 1999 жылы БҰҰ-ға оның орын­да­луы туралы бастапқы баяндама, 2004 жылы – екінші баяндама ұсы­ныл­ды, ол 2007 жылғы қаңтарда қаралды. БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының іске асырылу барысы жайында Біріккен үшінші және төртінші ұлт­тық баяндаманың жобасында Қазақстан Республикасында 2004 және 2010 жылдар аралығындағы кезеңде болған әлеуметтік-эконо­ми­калық өзгерістер туралы, сон­дай-ақ бұл конвенцияның осы ке­зеңдегі іске асырылуындағы прогресс ту­ра­лы мәліметтер келтірілген. Жобада Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі коми­тет­тің (CEDAW) Қазақстанның екінші баяндамасының 2007 жыл­ғы қаңтардағы тұсаукесерінен кейінгі қорытынды түсініктемелері мен ұсынымдары ескерілген. Ген­дерлік саясатты ілгерілету бойын­ша Қазақстан өңірде көш басында келеді. БҰҰ Бас Ас­сам­блеясы­ның Қазақстанды таяуда құрыл­ған «UN Women» құрылымының Атқарушы кеңесі мүшелерінің қа­тарына сайлауы осыны мойын­дау болды.