• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2016

Премьер-министр жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі

247 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54043" align="aligncenter" width="560"] Фото: instagram.com[/caption] Кәрім Мәсімов Instagram-дағы  парақшасына велосипедпен түскен фотосын және айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады. Baq.kz-тің мәліметі бойынша, Премьер-министр велошеру кезінде Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы маңында суретке түсіп, парақшасына салған. Сондай-ақ ол автомагистральдарда велосипедпен жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, айыппұл төлегенін де атап өткен. «Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», – деп жазды Кәрім Мәсімов. Айдар ӨРІСБАЕВ