Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Академик аллеясын «ақжолдықтар» абаттандырады
Сәтбаев қаласындағы ұлы ғалымның мүсіні орнатылған аллеяны абаттандыруды «Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық филиалы өз қолына алды. 2018 жылы орнатылған мүсіннің айналасы тозыңқырап кеткен еді.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Ұлытаудағы «Атасу - Қаражал» жолын да су басты
Ұлытау облысындағы жалпы жағдайға қарағанда су тасқыны саябырсып, бәсеңдеген секілді. Бірақ бұл қауіп сейілді дегенді білдірмейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Күн жылына ери бастаған қар сай-саланы қуалап, үстін-үстін толыға түсті. Билік тасқынға тосқын қоюдың амалдарын қарастырып, бірқатар шара қабылдады. Тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылды, кезекшілік ұйымдастырылды. Аса қауіп тудыратын тұстар анықталып, сақтық күшейтілді.
Айтыс • 19 Наурыз, 2024
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған облыстық оқушылар айтысы болып өтті.
Құқық • 12 Наурыз, 2024
Ел экономикасын дамытудағы шағын және орта кәсіпкерліктің орны аса маңызды. Нарықтық жүйеде елді алға сүйреу негізінен кәсіпкерлердің жұмысына байланысты екені белгілі. Ел Президенті олардың алаңсыз қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік нысандарын жөн-жосықсыз тексеруге кейінгі үш жыл бойына мораторий жариялағаны бекер емес.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Жезқазған жұртшылығы алты ай қыс бойы «Биыл Кеңгірге су түсе ме, түспей ме?» деп, құмалақ ашумен шығады. «Кеңгір» дегеніміз – қаланың бар тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тиісті су қоймасы. Ауыз судан бастап барлық қажеттілікке керекті су негізінен сол Кеңгірден алынады.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Кезінде аудан орталығы болған Жезді кенті біршама қиыншылықты бастан өткерді. Дегенмен кейінгі уақытта кентке көзқарас өзгере бастады. Қазір мұнда қытайлық кәсіпкерлермен бірге жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2024
Биылғы жыл жылқыға жайсыз тиді. Алдымен әлеуметтік желі арқылы жеткен хабарға сенсек, Ұлытау облысындағы әсіресе Жаңаарқа ауданы жағының шаруа қожалықтары құрық ұстап қалатын түрі бар. Ресми мәлімет бойынша, автомобиль жолдарының бойынан 67 бас жылқының өлексесі табылған. Бірақ бұл жылқылардың да кейбірінің нақты иесін табу мүмкін емес.
Медицина • 13 Ақпан, 2024
Ұлттық ғылыми онкология орталығының аға ординаторы, онкоуролог дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Талғат Құрманов Жезқазғанға арнайы келді. Ол осындағы медициналық орталық дәрігерлерімен бірге Ұлытау облысында алғаш рет инвазивті лапороскопиялық әдісті қолдану арқылы бүйрек обырына операция жасады.
Ауыл • 08 Ақпан, 2024
Мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының шапағатын шалғай ауылдардың тұрғындары нақты сезіне бастады. Соның бір дәлелі – ауылдық жерлерде ашылып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттер.