Фото: primeminister.kz
Бекболат Серікұлы Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Элит Құрылыс Строй» ЖШС-да инженер-бағдарламашы болып бастаған. 2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Әділет вице-министрі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.