Фото: instagram/atyrau_qalasy_akimdigi/
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов пен коммуналдық мекеме басшысының орынбасары Бейбіт Мағзұмов ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ қала әкімі Шәкір Кейкинді де ҰҚК департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері облыс әкімінің ғимаратынан алып кеткен. Алайда кейіннен ол босатылып, үйіне жіберілген.
ҰҚК қалған екі тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес жария етуге жатпайды», делінген ҰҚК хабарламасында.
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы мен Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты екі басқарманың жетекшісі қызметінен шеттетілгенін хабарлаған болатынбыз.