Фото: kff.com
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашылары қатарына Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы») шақырылған.
Қорғаушылар сапында Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар») бар.
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес).
Шабуылшылар қатарында Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана») бар.
Айта кетейік, қос құрама тарихта бұған дейін екі рет кездескен. 2014 жылы өткен алғашқы матчта Венгрия 3:0 есебімен жеңіске жетсе, 2018 жылғы жолдастық ойында Қазақстан 3:2 есебімен басым түскен болатын.
Қазақстан футбол құрамасы бұған дейін 6 маусымда Арменияға қарсы ойын өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Матчта ұлттық құрама сапынан жалғыз голды Максим Самородов соқты.