Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы ұйымдастырған шара 5 маусымда бастау алған. Оқу-жаттығу 30 маусымға дейін жалғасады.
«Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз», делінген хабарламада.
Айта кетейік, мамырдың соңғы онкүндігінде Қазақстан құтқарушылары Тәжікстандағы оқу-жаттығуға аттанған болатын.