Фото: Ашық дереккөз
Тель-Авив өз шабуылын «Хезболла» нысандарына жасалған соққы деп ақталды. Сөйтіп екі елдің арасында соғыс қайта басталып кете жаздады. АҚШ тараптарды бұған дейін жүріп жатқан келіссөздерді жалғастыруға шақырған болатын. Кейінірек Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әзірге Иранға қарсы соққы жасалмайтынын айтты. Осы ретте Иран, Израиль, Ливанға шабуылды тоқтатса олар да атысты тоқтататынын айтқан.
Еске салайық, наурыз айында Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасаған еді.