Білім • Бүгін, 08:23

Бірлескен кеңістік, айқындалған бағыттар

4 мин
оқу үшін

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі кейінгі алты жылда алты есеге артты. Еліміз халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерінің 33 филиалы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта түспек.

Бірлескен кеңістік, айқындалған бағыттар

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бұл деректер Түр­кістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер Білім министрлерінің IX отырысында айтылды. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанның білім және ғылым саласына жауапты ведомстволарының басшылары, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшылығы мен Түркі ака­демиясының өкілдері қа­тысқан отырыс барысын­да түркі мемлекеттері ара­сындағы білім, ғылым және жоға­ры білім салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық ұт­қырлықты кеңейту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және ортақ білім беру жобаларын ілгерілету мәселелері талқыланды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми және академиялық ықпалдастықтың маңызды­лығына тоқталып, Қазақ­станның ғылым мен инновацияларды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ­ министр Қазақстанның Түркі академиясы жанындағы Ғылыми кеңеске төрағалық­ты қабылдағанын айтып, Әзербайжан Республикасына атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. «Қазақстан Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамы­ту­ға бағытталған бастама­лар­­дың сабақтастығын қам­та­ма­сыз етеді. Біз Түркі акаде­миясының білім алмасу мен институционалдық өза­ра іс-қимылдың тиімді алаңы ретіндегі рөлін одан әрі ны­ғайту үшін барлық мүше мем­лекеттермен тығыз жұ­мыс жүргіземіз», деді министр. Министрдің мәлім­деуін­ше, Түркістандағы басқо­су­да маңызды шешімдер қабыл­данды. Болон, Лиссабон, Токио конвенцияларына қо­сыл­ған Қазақстан секілді түр­кі елдері де осындай  ­­үдеріс­терді бастамақшы. Оты­­рыс­та сол үдерістердің маңыз­­ды бағыттары ай­қын­дал­ды. Біріншісі, түркі мемлекеттері арасындағы жоғары білім беру кеңістігін интеграциялауға, ғылы-ми-білім беру саласындағы ын­тымақтастықты жүйелі түрде дамытуға бағытталған стра­тегиялық маңызы зор халық­аралық бастама – ORHUN академиялық ұтқырлық бағ­дар­ламасы. Студенттердің академиялық тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ ортақ тарихи-мәдени мұраны терең әрі ке­шенді зерделеуіне жағдай жасау бағдарламаның негіз­гі мақсаты. «Енді соған Әзер­байжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан то­лыққанды қосы­лып, студент­терімізге басқа Түркі елдері университеттеріне барып, алмасуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Оның үсті­не жас ғалымдарымызға да үлкен жол ашылып отыр. Түр­кі елдерінің студенттері енді оқуын бітіргенде олардың дип­лом­дары, ғылыми және ака­де­миялық дәрежелері Түркі елдерінің кеңістігінде танылатын болады. Жұмысқа орналасу, өз мансаптарын жалғас­тыру, ғылыми жоба­лармен айна­лысу мүм­кіндігі болады», деді министр. Сондай-ақ оты­рыс нәти­жесін­де деклара­ция қабыл­данып, Түркі елдері уни­верситеттері лигасы құрылды.

Іс-шара аясында Түркі ака­демиясы Ғылыми кеңе­сінің отырысы да өткізіл­ді. Кеңес жұмысына Түр­кі акаде­миясының пре­зи­денті Шахин Мұстафаев, Әзербайжан Рес­пуб­ликасының Ғылым және білім министрі Эмин Амрул­лаев, Түркия Ұлттық білім ми­нистрі Юсуф Текин, Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар вице-министрі Дурус Козуев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Түр­кия Жоғары білім кеңесінің төрағасы Эрол Озвар және Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің бірінші орынбасары Сардор Раджабов қа­тысты. Ғылыми кеңесте Түркі академиясы­ның 2024–2025 жылдардағы қызметінің қорытындылары, 2026 жылға арналған жұмыс жос­пары мен басым ғылыми зерттеу бағыттары қаралды. Қатысушылар академияның түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, археологиялық экспедиция­лар ұйымдастыру, тіл, тарих, тұрақты даму, азық-түлік қауіп­сіздігі, су ресурстарын басқару және климаттың өзгеруі бағыттарындағы жобаларына жоғары баға берді.

Сондай-ақ кеңес барысында Түркі академиясы Ғы­лыми кеңесінің төрағалығы Әзербайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына ресми түрде тапсырылды. Сонымен қатар қабылданған шешімдер хаттамасына қол қою рәсімі өтті. Іс-шара қо­рытындысы бойынша тараптар түркі әлеміндегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, бірлескен зерт­теулерді қолдауға және ортақ ғылыми-білім беру кеңістігін дамытуға бағытталған жұмыс­ты жалғастыруға уағдаласты.

 

ТҮРКІСТАН 

Соңғы жаңалықтар