Фото: Shutterstock
Мерекеге байланысты үйлеріне қайтып бара жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлері мінген пойыз Кветта қаласындағы әскери лагерьден шыққан. Дереккөздердің мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 8:05-те болған.
Салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен, олардың екеуі өртенген. Сондай-ақ маңайда тұрған көліктер де зақымданған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар екені айтылды.
57 жараланған адам әскери госпитальға, тағы 25 адам Кветтадағы азаматтық ауруханаға жеткізілді.
Сиднейде лаңкестің қаруын тартып алған мұсылман кісіге 2 млн доллар табысталды
Алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес, лаңкес 70 килограмнан астам жарылғыш зат тиелген автокөлікті жарып жіберген.