Оқиға • Бүгін, 10:50

Ақмола облысында екі қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті (видео)

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Қоянды ауылында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жеткіншек қызды көлік қағып кетті. Полиция тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында екі қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті (видео)

фото: instagram.com/qosshy_life

Оқиға бейнебақылауға түсіп қалған. Видеодан жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды көлік қағып өткенін анық көруге болады. 

Анықталғандай, зардап шеккендердің біреуі бесінші, екіншісі оныншы сынып оқушылары. Олар сабаққа бара жатқан.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің өкілдері оқиға 1 желтоқсанда болғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, «Nissan Primera» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

«Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды», делінген полиция хабарламасында.