Оқиға • Бүгін, 09:30

Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.