Энергетика • Бүгін, 10:25

Сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасы қайта бекітілуі мүмкін

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын тұрақты жеткізу және бағаны ұстап тұру мақсатында көтерме саудадағы шекті бағаларды бұрынғы деңгейде қалдыруға арналған бұйрық жобасын талқылауға шығарды. Құжатқа пікір білдіру мерзімі 25 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасы қайта бекітілуі мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы»  бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында көпшілік талқылауына шығарды.

Министрліктің хабарлауынша, жобаның негізгі мақсаты — ішкі нарықтағы бағаның тұрақтылығын сақтау және сұйытылған мұнай газын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету. Құжат қабылданса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап шекті көтерме бағалар бұрынғы деңгейде бекітіледі.

Бұйрық жобасы әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық жағынан теріс әсер туғызбайтыны атап өтілген. Сонымен қатар, бағаны қайта белгілеу ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге және өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Бұған дейін министрлік сұйытылған газды ел аумағынан экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзарту туралы құжатты да көпшілік талқылауына шығарған болатын.