06 Мамыр, 2015

«Достық» орденімен марапаттады 

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-05-02 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Бар­ро­зуға алғыс айтты. – Еуропалық комиссияға Сіз төра­ғалық еткен кезде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айна­­лымы он есе артты. Сіздің пәр­мен­ді ықпалыңыз, достық көмегіңіз арқы­лы біз Қазақстан мен ЕО-ның кеңей­тілген серіктестігі және ынты­мақ­тастығы туралы келісім жоба­сына қатысты келіссөздер аяқтал­ғаны жөніндегі құжатқа қол қой­­дық. Еу­ро­палық одақ біздің не­гіз­­гі сау­да серіктесіміз болып қала бер­­мек, – деді Қазақстан Прези­денті. Ж.Баррозу өз қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан На­зар­баевқа ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Еуроодақ арасын­дағы серіктестік бұдан әрі  өрістеп, оның аясы кеңейе береді деп үміттенетінін жеткізді. – Еуропалық комиссияның төра­ғасы ретінде мен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз серіктестікті қолдау үшін қажет болған бар күш-жігерімді салдым және өзімнің оған қосқан үлесімді зор мақтаныш тұтам. Сондай қарым-қатынас орнату үшін Сіздің тікелей атсалысуыңыз да өте маңызды болды, – деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы. Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Баррозуды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.