Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2022

Жылыту құралдары жөнелтілді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыс құрсауында қалған Екібастұз қаласының тұрғындарын қолдауға мұқым ел жұмылып жатыр. Әсіресе, жер-жерден гуманитарлық көмек жіберу­шілер қатары күн санап артып келеді. Осы қатарда Алматы облысының азаматтары да бар.

Жылыту құралдары жөнелтілді

Күні кеше Алматы облысы әкімдігінің бастамасын құп алған аймақ меценаттары жылусыз отырған қаланың тұрғындарына қажетті гуманитарлық көмек жинап, жөнелт­ті. Аймақтағы белсенділер бұл іске шынайы үлес қосуда. Мәселен қайырымы мол істің басы-қасында жүрген кәсіпкер және меценат Зия Талғатовтың компаниясы қиын жағдайда қалған екібас­тұздықтарға алдымен қолұшын созды.

– Бірер күн бұрын 500 дана электрлі жылыту құралы тиелген жүк көлігі Екі­бастұз қаласына қарай жолға шыққан болатын. Бұл жолы логистика және ком­муникация мәселесінде Алматы об­лысының әкімдігі қолдау көрсетті. Қазір жылыту құралдары Екібастұз қала­сы тұрғындарының өтініміне сәйкес та­ратылды. Жалпы, біздің компания қайы­рымдылық жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Жыл сайын бюджетке халықты әлеуметтік қолдау үшін, оның ішінде мектептер, үйлер, мешіттер салуға және елдің шалғай өңірлеріндегі балаларға сыйлықтар тарату мақсатында шамамен 30 млн теңге бөлінеді. Ең қиын кезде адамдардың бір-бірін қолдап, бір мүдде аясында біріге алуы тұтас елдің бірлігін арттырып, елдің ішкі рухының мықты болуы­на септігін тигізеді, – дейді меценат Зия Талғатов.

Алматы облысы