06 Сәуір, 2013

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 125-ө-м

291 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 125-ө-м

Сенбі, 6 сәуір 2013 1:04

2013 жылғы 28 наурыз,          Астана қаласы

2013 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету  өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 488-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8213 тіркелген және 2013 жылғы 26 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 30-31, 2013 жылғы 26 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» № 54 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А.Крюкова) осы бұйрықтың:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Т. Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы             1 сәуір­ден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр   С. Әбденов.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 наурызда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8394 болып енгізілді.