03 Сәуір, 2013

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы

213 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:18

2013 жылғы 1 сәуір          №06-7/43           Астана қаласы
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкім­шілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағида­­ларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:18

2013 жылғы 1 сәуір          №06-7/43           Астана қаласы
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкім­шілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағида­­ларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың
4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға                А.БАЙМЕНОВ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 1 сәуірдегі №06-7/43 бұйрығына 1-қосымша
Нысан

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр сая­саты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жариялайды.
Кандидаттарға біліктілік талаптары:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының бірінші тобы бойынша:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының екінші тобы бойынша:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________;
3) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 2-санаты бойынша:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу 3 кезеңде жүзеге асырылады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайтын кестеге сәйкес кандидаттарды тестілеу;
3) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қала­ның кадр комиссияларының және Ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасайтын кестелерге сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған не заңнамада белгiленген өзге де тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
5) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері, таныстықтың, ынтымақтастықтың ұзақтығы мен жағдайлары және тағы да басқалары көрсетілген, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатқа қатысты лауазымды адамның немесе лауазымды адам жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде кемінде бір ұсыным хат
6) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса, кандидатқа «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.
Құжаттарды қабылдауды:
20____ж. «____»___________бастап
20____ж. «____»___________дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырады.
Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
Құжаттар қолма-қол, почта немесе электронды почта арқылы: __________________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның почта және электронды почта мекен-жайы көрсетіледі)
мекен-жайы бойынша қабылданады.
Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
Құжаттар электронды почта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты __________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қала коды және телефондары мен
_________________________ телефондары бойынша, Агенттіктің интернет-ресурсында ________________________________________
факс нөмірлері көрсетіледі)
______________________________________ алуға болады.
(интернет-ресурс көрсетіледі)

Ескертпе.
* ұсынымхатты:
мемлекеттік саяси қызметшілер;
Қазақстан Республикасы Сенаты, Мәжілісі депутаттары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың мәслихат хатшылары;
лауазымға Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен не Ұлттық комиссия жасақтаған «А» корпусының кадр резервінен тағайындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;
Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімімен тағайындалатын (Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы № 376 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесіне сәйкес ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары береді.
** Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік лауазым атқаратын кандидаттар әңгімелесуден өтеді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар әңгіме­лесуден облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында тіркелген жері бойынша өтеді.
Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту кезінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комис­сияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қаралады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы  1 сәуірдегі №06-7/43 бұйрығына 2-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш

Мен, _____________________________, ЖСН _______________
(Т.А.Ә. толығымен)
мені «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне _________________________________________________________________________________ іріктеуге қатыстыруыңызды
(бірінші санаттың бірінші немесе екінші тобы не екінші санаты көрсетіледі)
сұраймын.
Мен:
* «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;
* «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;
* мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;
* өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;
* мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
* өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемле­кеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
* өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (Т.А.Ә., тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, атқаратын лауазымым, «А» корпусының лауазымдар тобы және санаты) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынымен келісетінімді мәлімдеймін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
4. ____________________________________________________
5. ____________________________________________________
6. ___________________________________________________
7. ____________________________________________________
Байланыс деректері:
Қаланың коды, телефон _________________________________
Ұялы телефон _________________________________________
Тұратын жерінің мекенжайы (пошта мекенжайы): ____________________________________________________________________
Тіркелген жерінің мекенжайы: ____________________________
Электронды адрес: _____________________________________
________________________________________
(қолы)         (Т.А.Ә.)
20__ ж. «____»_______________

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы  1 сәуірдегі №06-7/43 бұйрығына 3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы

Ұлттық комиссия мүшесі _________________________________
(Т.А.Ә.)
Кандидаттың
Т.А.Ә.    Санаты, тобы    Қорытынды шешім
(«ұсынамын» немесе «ұсынбаймын»), өз қолымен толтырылады
1.
2.
3.

______________________ Күні 20__ жыл «___»_________
(қолы)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 1 сәуірдегі №06-7/43 бұйрығына 4-қосымша
Нысан
____________________________________кадр комиссиясының
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала көрсетіледі)

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы
Кадр комиссиясының мүшесі ______________________________
(Т.А.Ә.)
Кандидаттың
Т.А.Ә.    Баға («оң» немесе «теріс»)
(өз қолымен толтырылады),
өз қолымен толтырылады
1.
2.
3.

______________________ Күні 20__ жыл «___»_________
(қолы)
–––––––––
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 1 сәуірде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8396 болып енгізілді.