16 Наурыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1764

301 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1764

Сенбі, 16 наурыз 2013 0:53

2012 жылғы 29 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

«Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1494 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-кұжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасында:

5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік кадастрда есепке алуға мыналар жатады:

мемлекеттік теңгерімдерде есепке алынған пайдалы қазбалар қоры бар кен орындары;

пайдалы қазбалар қоры пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімінің есебінен алынған кен орындары;

ірі кен орындарының геологиялық және кеңістік жағынан оқшауланған учаскелері;

игерілетін кен орындарына өнеркәсіптік талаптарды қанағаттандыратын сапа жағынан (бағалы құрамдастарының болуына қарай) пайдалы қазбалардың кемінде бір бөлігінің (иірімі) болуы белгіленген қатты пайдалы қазбалардың көрініс белгілері;

барлық жерасты сулары түрлерінің кен орындары, сондай-ақ көп дебитті бастаулар түрінде көрініс тапқан емдік балшықтар кен орындары;

пайдалы қазбалар қорлары С2 санаты бойынша бағаланған іздеу жұмыстарының перспективалы учаскелері;

мұнай-, газ көрініс белгілері;

геохимиялық элементтердің шашырау ореолдары, геофизикалық ауытқулар, геофизикалық құрылымдар, жерасты суларының көрініс белгілері.

6. Паспорттар мынадай нысандардағы арнайы бланкілерде жасалады:

А – металл пайдалы қазбалар кен орындары;

Б – металл емес пайдалы қазбалар кен орындары;

В – ұсақтау жыныстары бар кен орындары;

Г – қатты пайдалы қазбалар, мұнай және газ көрініс белгілері;

Д – мұнай мен газ кен орындары;

Е – көмір және жанар тақтатастар кен орындары;

Ж – гидроминералдық шикізат кен орындары;

3 – жерасты суларының кен орындары;

И – емдік балшық кен орындары.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Геохимиялық элементтердің шашырау ореолдарын, геофизикалық ауытқуларды, геофизикалық құрылымдарды есепке алу парақтары (бұдан әрі – есепке алу парақтары) және жерасты суларының көрініс белгілерін есепке алу карточкалары (бұдан әрі – есепке алу карточкалары) арнайы нысандардағы бланкілерде жасалады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Паспорттар, есепке алу парақтары мен есепке алу карточкалары индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасында кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес толтырылады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Есепке алу парақтары мен есепке алу карточкаларын толтыруды меншік нысандары мен жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт аумағында іздеу жұмыстарының нәтижесінде геохимиялық элементтердің шашырау ореолдарын, геофизикалық ауытқуларды, геофизикалық құрылымдарды және жерасты суларының көріністерін анықтаған жағдайда жүргізеді.

Есепке алу парақтарын және есепке алу карточкаларын жер қойнауын пайдаланушы үш данада жасайды және геологиялық есеппен бірге екеуін ӨД-ге жібереді, үшіншісін жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.

ӨД есепке алу парағын немесе есепке алу карточкасын тексергеннен кейін оның бір данасын уәкілетті органға жібереді.»;

9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Уәкілетті орган келіп түскен паспорттарды, есепке алу парақтары мен есепке алу карточкаларын мемлекеттік кадастрға енгізеді және:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С. АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51