15 Наурыз, 2013

Жарияға жар салар жақсылығымыз

331 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жарияға жар салар жақсылығымыз

Жұма, 15 наурыз 2013 1:33

Еліміздің әлем жұртшылығы алдындағы абыройының асқақ екенін, тағы бір дәлелдеген сәт, күні кеше Франция жерінде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында қазақ халқының мәртебесін көкке жеткізген EXPO халықаралық көрмесі 2017 жылы Еуразия жүрегі Астана қаласында өтетіндігі мәлім болғаны баршамызға аян.

 

Жұма, 15 наурыз 2013 1:33

Еліміздің әлем жұртшылығы алдындағы абыройының асқақ екенін, тағы бір дәлелдеген сәт, күні кеше Франция жерінде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында қазақ халқының мәртебесін көкке жеткізген EXPO халықаралық көрмесі 2017 жылы Еуразия жүрегі Астана қаласында өтетіндігі мәлім болғаны баршамызға аян.

Халықаралық көрме өткізуге ниет білдірген 6 мемлекет ішінен іріктеліп алынған Бельгияның Льеж қаласы мен қазақ елінің мақтанышына айналған Астана қаласы болатын. Осындай тартыс­ты бәйгеде қазақ жұртының сенім артып, үкілеп қосқан бәйге аты сүрінбей өз белесін бағындырды деп айтсақ артық болмас. Халық­­­аралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясына қатысқан мемлекеттердің 103 дауысын сенімді түрде өз қор­жынына жинаған Қазақстанның мерейлі даңқы құрлыққа тағы бір жетістігімен мәлім болды. Бұл игі шара Қазақстан халқына тек қана жетістік алып келетін, жа­уапкершілігі мол әлемдік дең­гейдегі орны ерекше жиын екені баршаға белгілі. Аталған шара 2017 жылдың 10 шілдесінде бас­талып, сол жылдың 10 қыр­­күйе­гіне дейін жалғасады. Жер ша­рының 100-ден астам елінен 3-4 миллионға тарта адам еліміздің жү­регі Астанаға аяқ басатыны мәлім. Осынау жауапкершілікті мой­нына еш күмәнсіз сеніммен алған алаш елі баршаға өзінің кең пейілімен қонақжайлылығын паш ете отырып, әлемді толғандырған «Болашақтың энергиясы» туралы мәселені көтермек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көр­месі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы ең алғашқы ха­лықаралық деңгейдегі өткізі­летін көрмеге айналады. Бұл деген сөз – еліміздің құрлық ара­сын­дағы мәртебесінің оқ бойы жоғары екендігін көрсетеді. Бұл жеңіске қол жеткізуіміз тәуелсіз еліміздің 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерінің бір парасы болары анық.

2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне төрағалықты және 2011 жылы Азиаданы жоғары дәрежеде ұйым­­дастырып, өткізе білген алаш өлкесіне жаһан халқы тағы да үлкен сенім білдіруде. Қа­зақ­­­­станның әлем алдында осындай абыройлы мәртебеге жетуі Ел­басымыздың ерен еңбегі мен са­лиқалы саясатының жемісі деп толы­ғымен айта аламыз. Барша адамзат баласының тыныштықта ғұмыр кешуіне үлгі боларлық үлкен бастама жасап, Семей атом ядролық полигонын жабу үшін жасаған теңдессіз еңбегін әлем жұртшылығы жоғары бағалады.

Тек қазақ елінің ғана емес, бар­лық ғаламды толғандырған өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, ұтымды ой тастай бі­ле­тін Елбасымызға, бүкіл ел «Бо­ла­­­­­­­шақтың энергиясы» тақы­­­рыбында өтетін халықаралық көрмеде қуат тапшылығынан шығудың бірден-бір жолын ұсынатынына еш күмәнсіз сеніммен қарауда. Бұл белесті де бағындыратынымызға кәміл сенемін. Ендігі тілек бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, елімізде өткелі жатқан тарихи маңызы мен келер ұрпаққа берері мол бұл көрмені ойдағыдай өткізуге барлығымыз атсалысуымыз қажет деп есептеймін.

Ақбұлан САЛБЕКҰЛЫ.

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы.