14 Наурыз, 2013

Қазақстан Президентінің жаһандық идеялары

302 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің жаһандық идеялары

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 2:48

2012 жылдың 26 шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапары шеңберінде Кембридж университетінде болды. Президент G-Global бастамасының тұжырымдамасы туралы және халықаралық ынтымақтастық аясында жаһандық проблемаларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар туралы лекция оқыды.

Қазақстан Президентін тек оқытушылар мен әкімшілік қана емес, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірталасына қатысқан студенттер мен жас зерттеушілердің белсенді тобы жылы қарсы алды.

 

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 2:48

2012 жылдың 26 шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапары шеңберінде Кембридж университетінде болды. Президент G-Global бастамасының тұжырымдамасы туралы және халықаралық ынтымақтастық аясында жаһандық проблемаларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар туралы лекция оқыды.

Қазақстан Президентін тек оқытушылар мен әкімшілік қана емес, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірталасына қатысқан студенттер мен жас зерттеушілердің белсенді тобы жылы қарсы алды.

Қазақстан басшысы біздің оқу орнында сөз сөйлеген алғашқы еуразиялық және посткеңестік көшбасшы болды. Қазіргі кезде Кембридж университеті Қазақстанмен білім беру және ғылыми зерттеулер салаларында жемісті ынтымақтасып келеді. Мәселен, ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік қызмет реформасы, азық-түлік қауіпсіздігі, жер сілкінісі зардаптарының алдын алу және басқа да бірқатар бағыттар бойынша зерттеу жобалары жүзеге асырылуда. Кембриджде оқуға Қазақстанның мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік беріп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаевтың лекциясында айтылған идеялар, сондай-ақ, өзінің аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын елдің тікелей өзі аудитория тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.

Қазақстан – мұнайдың, газдың, уранның, мыстың айтарлықтай қоры бар және бидай өндіруден әлемдік ондыққа кіретін ең үлкен құрлықішілік держава. Елде жоғары білімді және білікті тұрғындар көп болса, бұл білім беру саласының мемлекеттік қолдауына негізделеді. Қазақстан – Англияны, Франция мен Германияны қоса алғанда, көптеген Еуропа елдері енді ғана ұмтылып отырған мәдени-этностық тепе-теңдікке қол жеткізген полиэтностық ел. Көпвекторлы сыртқы саясаты Қазақстанға өзімен шектесетін Қытаймен, Ресеймен, сондай-ақ, АҚШ және Еуроодақ елдерімен берік әріптестік орнатуға мүмкіндік берді.

Қазақстан әлемдік аренада белсенді рөл атқаруға мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктер мен басымдықтарға ие. Елдің стратегиялық, саяси және экономикалық маңызын оның Ұлы Жібек жолы тоғысындағы геосаяси орналасуы да ерекшелейді. Қазақ халқы мен оның көшбасшылары халықтарды жүздеген жылдар бедерінде біртұтас құндылықтар мен қауымдастық сезімінің негізінде біріктіріп келді. Бұл саяси өнерді Нұрсұлтан Назарбаев та жетік меңгерген деп ой түйген де өте орынды.

Қазақстан әлемдік өркениеттің дамуына үлкен үлес қосып отыр – өйткені, тіпті, жаһанданудың бірқатар оң аспектілерінің өзін қазақтардың тарихи мұрасының бөлшегі болып табылатын көшпелі өмір сүруден де шығаруға болады. Бұл мемлекет әркез Шығыстан Еуропаға  екі мың жыл бойы идеялар, технологиялар мен құндылықтар жеткізіліп келген жол бойында тұрды.

Қазақстан – әлемдегі аса жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Мұнда тек қазіргі заманғы батыстық экономикалық модельдер ғана табысты енгізіліп отырған жоқ, сондай-ақ, бизнесті жүргізудің ислам формасын енгізу бойынша да жұмыстар жасалуда. Осының барлығы елдің бүкіл тұрғындарының белсенді экономикалық өмірге қосылуына оң ықпал ететін болады.

Соңғы он жылда Қазақстан жан басына шаққандағы шетел инвестицияларын тарту бойынша көшбасшы елдердің бірі болып отыр. Бүкіләлемдік банктің рейтингінде Қазақстан инвестиция салу үшін ең оңтайлы он елдің қатарына енді. 2000 жылдан бас­тап 2007 жылғы халықаралық қаржы дағдарысына дейін елдің нарықтық экономикасы жылына орташа есеппен 10 пайыз өсіп отырды. 2007 жылы Үкімет қаржы дағдарысын еңсеру үшін жедел түрде қажетті шаралар қабылдады.

Ресеймен және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістік құрудың арқасында Қазақстанды кәсіпорын секторында өндірістік өсім күтіп тұрса, бұл өз кезегінде мұнай мен басқа да табиғи ресурстарға тәуелділікті азайтуға жәрдемдесетін болады. Аталған мемлекеттермен бірлесіп құрылған Кеден одағы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал етуде. Қазақстанның ішкіқұрлықтық дамушы ел екеніне қарамастан, ол Ресей және Қытай рыноктарымен шектесетін тартымды рынок болып табылады. Және аталған елдерге транзит мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, олардың инвестицияларын да тартуда.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық дінаралық үнқатысуды ұйымдастыру мен жүргізудің үлгісін көрсетіп отыр. 2003 жылдан бері Қазақстан өз аумағында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төрт съезін өткізді. Қазақстан 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төраға ретінде әлемге исламның ашықтығы мен толеранттылығын айқын көрсетті. Бүгінде бұл ел ислам мәдениетінің көпқырлылығы туралы білімді ілгерілетуде үлкен рөл атқарып келеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен рухтанған Кембридж Орталық Азия форумы орнықты даму, экономиканы әртараптандыру мен инновацияларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша, сондай-ақ, климаттың өзгеруі мен табиғи және антропогендік апаттардың алдын алу үшін халықаралық құрылымдар құру секілді салаларда бірқатар ұсыныстар қалыптастырды. Мәселен, Кембридж Орталық Азия форумы елдің беделді халықаралық ұйымдар қызметіндегі үлкен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның қатысуымен төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін жедел қимылдайтын ортақ топ құру туралы ұсыныспен шықты.

Тұтастай алғанда, Кембридж Орталық Азия форумы он жылдан астам уақыттан бері түрлі бастамаларды ілгерілете отырып, Кембридж бен Қазақстанның ғылыми орталықтары арасындағы достықты нығайтуға ықпал етіп келеді. Олардың қатарында Кавендиш зертханасы мен Алматы жоғары технологиялар институты арасындағы ынтымақтастық бар. Кембридждің жер туралы ғылым факультеті Қазақстанмен әріптестікте жер сілкінісі кезінде адам құрбандықтары санын азайту үшін жұмыс істейтін екі ассоциация құрды.

Білім беру факультеті Назарбаев Университетіндегі ағартушылық саясат орталығымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істесе, Кембридждің халықаралық сарапшылар комиссиясы бүкіл Қазақстан бойынша арнайы және жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың сындарлы ойлау қабілетін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл комиссия сондай-ақ,  елдегі Президент Назарбаевтың бастамасымен құрылған зияткерлік мектептермен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікке қосылған.

Азия мен Таяу Шығысты зерттеу факуль­теті Білім және ғылым министр­лігімен, сондай-ақ, елшілікпен әріптестікте Орталық Азия тілдері мен мәдени зерттеу­лер, әсіресе, қазақ тілі мен орта ғасыр қолжазбалары бағдарламасын дамыту үстінде.

Бүгінде халықаралық саяси пікірталастар орнықты даму мен инновацияларға және тұрақтылыққа шақырған үндеулерге толы. Халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, көкейкесті саяси және экономикалық идея­ларды ілгерілетуге оқырмандар назарына ұсынылып отырған, танылған әлемдік көшбасшылардың бірі – Н.Назарбаевтың кітабы өзіндік үлес қосатынына сенімім мол. Кітапқа оның әлемнің бірқатар жетекші ғылыми және білім беру орталықтарында сөйлеген сөздері мен лекциялары топтастырылған.

Қазақстан басшысының инновация­лар – адамның жасампаздыққа ұмтылысының нәтижесі деген ұстанымының дұрыстығын көрсетеді. Орнықты даму – осы үдерістің тұрақтылығына қолдау көрсететін қозғалт­қыш. Әлемнің дамуымен осы үдерістерді тек байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ оларды теңдестіретін сая­си тұғырнамаға қажеттілік бірінші кезекті бола түседі. Сонда ғана біз елдерге бір-бірін өзара толықтырып, игілікті әділетті бөлуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін  ұжымдық шешімдермен шыға аламыз.

Мүмкіндікті пайдаланып, Кембридж Орталық Азия форумы Қазақстан үшін бірқатар практикалық ұсынымдар әзірлегенін атап өткім келеді. Солардың бірі – «Табиғи апаттардың салдарын жоюды басқару бойынша жалпыға ортақ қарар» дайындау мен Табиғи және антропогендік апаттарға жедел қайырылуды қамтамасыз ету үшін үйлестіру кеңесі қорын құру туралы ұсыныс. Мақсат – табиғи апаттарға ұшыраған аудандарда адам шығынын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді мақсатты ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін инженерлер мен техникалық сарапшыларды ғалымдармен және саясаткерлермен біріктіру. Мұндай қорды G-Global Іс-қимыл қоры деп атауға болар еді. Уақыт өте келе ол өзіне түрлі қосымша функцияларды ала алады, өйткені, әлем әркез жаңа проблемалармен бетпе-бет қалып отыр.

Бүгінде өңірлік және жаһандық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін көмірсутегі емес технологиялық инновация­ларды дамыту басты міндет болып табылады. Жаңа технологияларға негізделген өте тиімді құралды біздің зертханамыздың профессоры Дэвид Маккей жасады. Ол – Энергетика және климаттың өзгеруі министрлігінің аға ғылыми қызметкері.

Кембридж Орталық Азия форумы, сонымен қатар, талқылау үшін басқа да идеяларды ұсынады. Халықаралық экономикалық дағдарыс әлемдік қаржы моделін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Өсімге ықпал етіп қана қоймай, сонымен бір мезгілде, елдерде соңғы он жылдықтарда жинақталған мемлекеттік қарыздарды төмендетуге көмектесетін экономикалық өсімнің балама жолдарын іздестіру қажет. Біздің көзқарасымызша, қирап-бүлінуге алып келген жүйені өзгерту үшін шаралар қабылдау қажет. Форум қаржы рыноктары мен банк жүйелерін жетілдіру және реттеу, экономиканы әртараптандыру, корпоративтік жауапкершілікті арттыру бойынша бірқатар тақырыптар ұсынды.

Қазақстан табиғи ресурстарға негізделген экономикаға және оның үстіне жоғары білікті айтарлықтай жұмыс күшіне ие бола отырып, ғаламат ұстаным танытуда. Бұл экологиялық рационалдықты есепке ала отырып, технологиялар, инновациялар мен экономикалық даму мәселелерінде көзқарастарды өзгерту саясатын ілгерілетуге мүмкіндік береді. Өзінің сөздерімен, кітаптарымен, практикалық мемлекеттік қызметімен осы оң үдерістерге үлкен үлес қосып жүрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі атап өтуге тұрарлық.

Кембридждегі оның сөздерінің біздің ғалымдарымызды да жүзеге асырылуы халықаралық дамудың маңызды элементі ретінде қызмет ететін жаһандық саясат саласында бірқатар бастамаларды ілгерілетуге итермелегені кездейсоқ емес. Ұсынылып отырған кітаптың авторы өзінің бірқатар ғылыми атақтарға лайықты екенін әлдеқашан дәлелдеген. Осы ретте біздің әлемге әйгілі Кембридж университетінің құрметті профессоры атануын да заңды деп білеміз.

Сидхард САКСЕНА,

Кембридж Орталық Азия форумының төрағасы,

Кембридж-Қазақстан Орталығының директоры,

Қазақстан дамуының Кембридж қорының

Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, профессор.