14 Наурыз, 2013

Ойдың ауқымы, ауқымға сәйкес тұлға

249 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Ойдың ауқымы, ауқымға сәйкес тұлға

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 2:45

Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың әлемнің жетекші оқу және ғылыми орта­лық­тарындағы лекциялары мен сөйлеген сөздері жинағының жарық­қа шығуы – барынша кең кө­лем­ді ғылыми-білім беру, интеллектуалды топтардың назарын сөзсіз өзіне аударатын маңызды оқиға.

Президент Н.Назарбаев – қазір­гі заманғы беделді саясаткер, Қазақ­стан мемлекеттілігінің пайда болуы мен қалыптасуы және осынау жас елдің экономикалық және әлеуметтік салада көрер көзге серпіліс жасауы оның есімімен тығыз байланысты.

 

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 2:45

Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың әлемнің жетекші оқу және ғылыми орта­лық­тарындағы лекциялары мен сөйлеген сөздері жинағының жарық­қа шығуы – барынша кең кө­лем­ді ғылыми-білім беру, интеллектуалды топтардың назарын сөзсіз өзіне аударатын маңызды оқиға.

Президент Н.Назарбаев – қазір­гі заманғы беделді саясаткер, Қазақ­стан мемлекеттілігінің пайда болуы мен қалыптасуы және осынау жас елдің экономикалық және әлеуметтік салада көрер көзге серпіліс жасауы оның есімімен тығыз байланысты.

Өзі табиғатынан мейлінше білуге құмар, жаңа білімдерге үнемі ұмтылып отыратын, зерттеуші мен педагог талантына ие, үзіліссіз білім алу мен өздігінен білім жетілдірудің батыл жақтаушысы болып табылатын ол, өзінің мемлекеттік қызметінің алғашқы жылынан бас­тап ғылымға, интеллектке және оқу-ағартуға, бүгінде инновациялық негізде даму деп аталатын олардың өмірмен байланысын нығайтуға барынша басымдық берді.

Осынау теңдессіз адамды біраз жылдан бері білемін. Жанды әңгіме мен пікірталастарға бара отырып біз талай сағаттарды бірге өткіздік. Оның сарқылмас қуаты – ішіндегі танып-білуге деген қуаты таң­дандырады. Қазіргі заманғы ғылымның проблемаларында жақ­сы бағдар ұстай білетін, тамаша әңгімешіл және шешен, ол өзін ғылыми да және студенттік те аудиторияларда тамаша сезінеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне тән жарқындықпен және аудиториядағы бұлжымас табысымен талай рет Мәскеу университетінде сөз сөйледі.

Мен осы жинақта келтірілген Нұрсұлтан Әбішұлының ММУ-дағы лекциясын да тыңдадым. Мойындаймын, біздің жоғары мәртебелі мейман алғаш рет дерлік еуразиялық интеграцияны аша және ол туралы өз көзқарасын және ондағы саясат қана емес, сонымен бірге, ғылымның, білім берудің, жаңа технологиялардың да атқаратын рөлін қорғай отырып, Еуразиялық Одақ құру идеясын ұсынғандағы беріле сөйлеген сөзі мені студенттер мен оқытушылардан бетер баурап алды.

Бүгінде, арада жылдар өткенде, оның идеясы барған сайын үлкен түсіністікке ие болып, шындыққа айналуда. Кеңес Одағының ыдырауын, соның нәтижесінде жаңа, тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуін  бастан өткерген бұл адам біздің халықтарымыздың ой-мүдделерінің өзі туындатқан посткеңестік кеңіс­тіктегі біріктіруші күш-жігерлердің бел­сенді жақтаушысы және қозғау­шысы болып табылады. Оның үніне қарапайым адамдар да, саясаткерлер де, іскер қауымдастық өкілдері де құлақ түреді. Және оның ішінде ға­лым­дар да, әрі оның жетілген, қалып­тасқан қайраткерлері де, сол сияқ­ты ғылымның жас өскіндері де бар.

Екі президент Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің арасында біз бай­қа­ған өзара түсіністік және, мен айтар едім, бір-біріне деген тар­т­ылыс, еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады және Қазақстан-Ресей халықтары арасында оптимизм орнатып, туысқандық, достық пен әріптестікті нығайтады. Оның шекаралас елдерге де қатысы бар.

Бүкіл әлемге танымал кафедраларда, университеттерде, ғылыми орталықтарда, академиялық форумдарда сөз сөйлей отырып, Н.Назарбаев тыңдаушыларды өз елінің және өз халқының тартым­ды­лығымен баурап, әлемде Қазақ­стан­ның басымдықтарын ілгері бастырады. Және сонымен бірге ол үлкен ғылымның, экономика мен үлкен саясаттың түйісуінің, жемісті ықпалдастығының өлшемдік нүктелерін қажырлылықпен, зерттеу­шілікпен дәл басады.

Бірқатар белгілі универси­тет­тердің, соның ішінде М.В.Ломо­но­сов атындағы ММУ-дың оған Құрметті доктор атағын беруі – ірі саясаткерге деген тек фор­маль­ды құрмет белгісі ғана емес, соны­мен бірге, ол дамытқан идеялар­дың, тұжырымдамалардың, көзқа­рас­тардың сөзсіз маңыздылығы мен салмақтылығын мойындау. Қазақ­стан мен Ресей ғана емес, бүкіл адамзат созылмалы дағдарыстан шығу жолдарын іздестіріп жатқан қазіргі кезде оның ойлары мен болжамдары айрықша көкейкесті – турасын айтқанда, кітаптың өзі де белгілі бір дәрежеде осынау көкейкесті тақырыпқа арналған.

Тіпті, біз бүтіндей алғанда туысқан елде байқап отырған күрт әрі сенімді өрлеу аясында да қазақстандық биліктің ғылымға, білім беру мен жаңа технология­ларды енгізуге назар аударуы таң қалдырады. Осы саланы қар­жы­ландыру деңгейі бойынша Қазақстан әлемдік белестерге шыға­ды, ал ол тәуелсіздік жылдары ішінде халықтың жан басына шаққан­дағы ІЖӨ-нің елеулі өсуіне, тұр­ғын­дардың әл-ауқатының артуына, тіпті, елдегі туу динамикасына да сөзсіз оң әсер етті.

Мен Қазақстандағы ғылымның және ғылымды қажет ететін өндіріс­тердің, білім беру жүйесінің дамуына, кадрларды даярлау мен қай­та даярлауға көптен бері мұ­қият назар салып келемін және біздің достарымыздың табысына қуанамын. Мұнда жыл сайын ғылыми-зерттеушілік және оқытушылық әлеует айтарлықтай өсуде, ғылыми қызметті басқару саласында оң реформалар жүруде, осы саладағы мемлекеттік саясат же­тілдірілуде. Әлемдік ғылыми жә­не білім беру қауымдастығы осын­да таяуда ашылған әрі өзін сенім­ді көрсете білген Назарбаев Уни­верситетін оптимизммен қа­был­дады – қазақстандық ғылым­ның осынау флагманына сәт сапар тілеймін.

Экономиканы интел­лек­ті­лен­діру, адам капиталына салымдарды жан-жақты ұлғайту – Президент Н.Назарбаевтың қалаулы тақырыбы және жағдайға қарай бағаласақ, оның айтарлықтай күш салу нүктелері.

Қазақстанда асқақ лидер, осы елдің халқы өз алдына қойып отырған асқақ мақсаттар бар. Президент Н.Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде тынымсыз айтып келе жатқандай, әлемнің неғұрлым ырғақты дамыған елу елінің қатарына ену – ол дегеніңіз іс жүзінде постиндустриялық дәуірге революциялық серпіліс жасау деген сөз. Оның Қазақстан халқының да, Көшбасшысының да қолынан келетініне сенімдімін.

Біздің университетті бұл рес­публикамен тамырлары сонау өткен кеңестік кезеңге кете­тін ұзақ жылдарғы қарым-қаты­нас­тар байланыстырады. Мыңдаған қазақстандық бізден білім алды, аспирантураны тәмәмдады, жоғары деңгейлі мамандар мен бе­делді ғалымдарға, өндіріс коман­дирлеріне, мәдениет қайрат­керлеріне, саясаткерлерге айналды, осынау қатал және сонымен бірге, дәулетті де қайырымды жер игілігі үшін қажырлылықпен еңбек етті және еңбек етуде, бүгінде адами қызметтің барлық салаларында ең жаңа қазақстандық тыңды игеруде.

Он жылдан астам уақыттан бері таңғажайып елорда – Астанада ашылған ММУ-дың қазақстандық филиалы жұмыс істейді. Оның пайда болуы туралы идея біздің кезекті әңгімелесуіміздің бірінде Нұрсұлтан Әбішұлының ойына келген еді. Н.Назарбаевтың кең көлемді жеке қолдауының арқасында бүгінде филиал ММУ-дың бес факультеті: механика-математика, есептеу математикасы және кибернетика, экономика, филология және география факультеттері негізінде жұмыс істейтін және Мәскеу университетінің бағдар­ламалары бойынша білім беретін қазіргі заманғы жоғары оқу орны болып табылады. ММУ-дың Қазақ­станның қазіргі заманғы зерттеулер мен инновациялар саласындағы ғалымдарымен және іскерлік әлемімен ынтымақтастығы да кеңейіп келеді. Бұл жұмыстар, сон­дай-ақ, енгізушілік тәжірибе де біз­дің елдер басшылығының назарынан тыс қалған емес.

Мен білемін: Президент Н.На­зар­баевтың жеке басына да, және бүтіндей алғанда тәуелсіз Қазақ­станның феноменіне де Ресейде бар­лық деңгейде, жоғарыдан төменге дейін барынша мүдделі және ізгі ниетті көңіл бөлушілік бар. Өйткені, миллиондаған ресейліктер бұл өл­кемен жастық шақтың, қайғы мен қуаныштың, өзара адами жы­лы­лықтың қарым-қатынастары арқылы байланысқан – Байқоңыр жері біздің көпшілігіміз үшін үлкен өмірге жол бастар алаңға айналды, қазақстандықтардың Ресеймен ежелден туыстасқандығы сияқты ресейліктер де онымен ежелден туыстас. Тіпті Мәскеу университетінің «Татьяна-2» спутнигі де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.

Мен өзімнің қысқа кіріспе сөзіммен бастап отырған кітаптың көптеген мүдделі оқырмандарды табарына талас жоқ; ол Ресей- Қазақстан достығын құрметтейтін, болашаққа көз салуға ұмтылатын, өзінің еңбегімен, сындарлы ойымен бүгінде болашақты қалап жатқан, жаңа идеялар мен технологияларды тартымды деп білетін барлық адамдарға қызықты болмақ. Ондай оқырмандар кітаптан өз ойларына, алаңдаушылықтары мен үміттеріне талай үндестіктер табады.

Бұл кітаптың біздің бәріміздің Президент Н.Назарбаевты, оның адами және саяси ұмтылыстары мен мінез-құлқын, сондай-ақ, туыстас ел халқының рухы мен ұмтылыстарын жақсырақ танып білуге көмектесетініне сенімдімін.

Виктор Садовничий,

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік

университетінің ректоры, академик,

РҒА вице-президенті.