06 Сәуір, 2013

Бейбітшілік үшін Қазақстан дәнекерлігі аса қымбат

390 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бейбітшілік үшін Қазақстан дәнекерлігі аса қымбат

Сенбі, 6 сәуір 2013 2:21

Доған ЙЫЛДЫЗ, 
«Жихан» ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілі (Түркия).

Бүгін Қазақ елінің төрінде өтіп жатқан әлемдік деңгейдегі үлкен араағайындық алқалы жиын­ның, ізгілікті іс-шараның куәсі болып отырмыз. Қазақстан Пре­зидентінің, қадірменді Елба­сының халықаралық деңгейде көрініс тапқан дәйекті бейбітшіл сая­сатының арқасында Иран яд­ролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің Алматыдағы кезекті кездесуінің келелі тұрғыдан өтуі қамтамасыз етіліп, барлық жағдай жасалды деуіміз керек.

Сенбі, 6 сәуір 2013 2:21

Доған ЙЫЛДЫЗ, 
«Жихан» ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілі (Түркия).

Бүгін Қазақ елінің төрінде өтіп жатқан әлемдік деңгейдегі үлкен араағайындық алқалы жиын­ның, ізгілікті іс-шараның куәсі болып отырмыз. Қазақстан Пре­зидентінің, қадірменді Елба­сының халықаралық деңгейде көрініс тапқан дәйекті бейбітшіл сая­сатының арқасында Иран яд­ролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің Алматыдағы кезекті кездесуінің келелі тұрғыдан өтуі қамтамасыз етіліп, барлық жағдай жасалды деуіміз керек.

Өкінішке қарай, біз осынша күш-жігер жұмсал­ға­нына қа­рамастан, осы жиыннан да бір нақ­ты шешім, келісілген ортақ түйін шығады деп күте алмаймыз. Неге десеңіз, жақын арада Иранда көптен күткен президент сайлауы болғалы жатыр. Ел билігінде өзгерістер болуы әбден мүмкін. Нақ осы себептен де Иран тарабы бүгінгі келіссөзде де қатаңдау, қатқыл рай танытып, бұрынғы ұстанымдарынан қайтпай, қандай да бір мәмілеге келуге асықпайтын сыңайлы. Ал Еуропалық Одақтың қойған талаптарына келер болсақ, олар нақты. ЕО спикері осы нақты талаптарға орай Иран тарабынан еш мәймөңкесіз, бүкпесіз ашық жауаптар күтіп отырғанын мәлімдегені белгілі. Бүгінгі келіссөздер ыңғайын байқасақ, Иран өкілдері тұжырымды да нақты жауап айтуға дайын емес сияқты. Сөзбен ырғасуды жалғастырып, созбаққа салуды, сөйтіп, уақыттан ұтуды қалайтындай әсер қалдырды. Мұның өзі Иранның өз ішіндегі сая­си мәселелерге, елдің ішкі ахуалына байланып тұрғандай. Жаңа айтқанымдай, бұл елде президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр. Соның әсері, салқыны осы келіссөздерге де тиіп отыр ғой деп ойлаймын.
Бірақ болашақта осы мәселеде дұрыс таңдау жасалып, оңтайлы шешім қабылдануына нақ Алма­ты­дағы келіссөздердің үлкен әсері болады деп білемін. Өйткені, осы ретте Қазақстанның басынан өт­кен жағдай, шеккен тауқыметі бү­кіл әлемге үлгі болуы керек. Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдан бастап Семей поли­го­нын жабуы, қаншама ажал се­бетін алапат қару-жарақтан бас тартуы әлемдік бейбітшілік сая­са­тының жаңа белесі болатын. Біз осындай ізгілікті саясаттың әлем мемлекеттеріне үлгі бо­луын қалаймыз. Иран бұл арада мәселеге бейбітшіліксүйгіш көзбен қарап отыр ма, әлде қандай сая­сатпен қарап отыр, біздің оған дүдәмалымыз бар. Бұл арада ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан гөрі Еуропалық Одақ пен Америкаға қатысты саяси мүдде басымдау ма деймін.
Менің айтайын дегенім, жаһан­дану жағдайында Америкаға да, Еуропаға да мұқтаждық болмай тұрмайды. Тіршілік болғасын бә­рімен де, көршілеріңмен де қа­рым-қатынасың дұрыс болуы керек. Қа­зақстанды алып қарасаңыз, бір жағында Иран, бір жағында Ха­зар – Каспий теңізі. Бір жағында Қытай, бір жағында Ресей. Бұл жер­дегі ең парасаттысы, ең тиім­дісі бейбітшілік саясатын ұста­ну болмақ. Басқа ешнәрсе қол­дан келмейді. Қазақстан 20 жыл­дан бері салиқалы да сараб­дал саясат ұстанғандықтан оның халқы да алаңсыз. Бір қара­саңыз, бүгінгі келіссөздерден Қазақ­станға келіп-кетер ештеңе жоқ. Соған қарамастан, өзіне еш пайда күтпестен, келіссөздердің нәти­желі өтуіне бар жағдайды жасап, қонақжай төрін ұсынғанына тән­тіміз. Осы тұрғыдан келгенде, Қа­зақстанның Иран мен дүйім дүние арасында дәнекер болуы әлемдегі бейбітшілік үшін аса маңызды фактор. Демек, Алматыдағы ха­лықтар арасындағы алтын кө­пірдей келіссөздерді үлкен же­тіс­тік, болашаққа жасалған тағы бір бейбітшілік қадамы деп санауға болады.

Соңғы жаңалықтар