06 Сәуір, 2013

Үнқату мәнері өзгеріп келеді

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үнқату мәнері өзгеріп келеді

Сенбі, 6 сәуір 2013 2:20

Мұртаза ҚҰРУҒИ,
Иран мемлекеттік телевизиясы халықаралық бөлімінің аға тілшісі.

«Алматы келіссөздерінің» бірінші кездесуінен кейін Батыс елдерінің Иранға үнқату мәнері көп өзгергендігін айтқым келеді. Осыған орай Иран да өзінің позициясын жұмсартып, «алтылық» елдеріне түсіністікпен жауап қату жағдайына көшті. Қазір екі тараптың арасы бұрынғыға қарағанда көп жақындасты және мұның бәрі ядролық қарудан бас тартқан Қазақ елінің ұстанған саясатының баршамызға жағым­ды екендігінен туындап отыр­ға­нын баса айтар едік.

Сенбі, 6 сәуір 2013 2:20

Мұртаза ҚҰРУҒИ,
Иран мемлекеттік телевизиясы халықаралық бөлімінің аға тілшісі.

«Алматы келіссөздерінің» бірінші кездесуінен кейін Батыс елдерінің Иранға үнқату мәнері көп өзгергендігін айтқым келеді. Осыған орай Иран да өзінің позициясын жұмсартып, «алтылық» елдеріне түсіністікпен жауап қату жағдайына көшті. Қазір екі тараптың арасы бұрынғыға қарағанда көп жақындасты және мұның бәрі ядролық қарудан бас тартқан Қазақ елінің ұстанған саясатының баршамызға жағым­ды екендігінен туындап отыр­ға­нын баса айтар едік. Саид Джалилидің орынбасары Али Багиридің сөзіне қарағанда, екі тарап бір-бірін дұрыс түсінісу арнасына тоғысып отыр. Соңғы бір жыл көлемінде Батыс елдері Иранға қатысты қысымды кө­бейтіп жібергенін күллі әлем кө­ріп-біліп отыр. Алайда, ол қы­сым еш нәтиже бермегені анық. Иранның МАГАТЭ-ге қатысты өзінің міндеттемелерін ескерсек, бұл мәселе түбі бір шешімін табары хақ.

Бүкіл әлем қазіргі таңда мә­селені атомдық қарумен шешпейтінін түсініп отырған тұс­та, бірнеше мемлекет бірігіп алып бір елге қысым көрсете отырып, оның халықаралық мүм­кіндіктерін шектеу арқылы дұ­рыс арнаға сала алмайды. Иран мен Ирак арасындағы, Ау­ғанстан, Таяу Шығыстағы со­ғыстар осының дәлелі. Енді ха­лықаралық қауымдастықтар мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шарасын қарастыруы керек, бұл мейлінше пісіп-жетілген саяси тәсіл деп есептеймін.
Иран Мәскеу кездесуінде өзінің стратегиялық 5 мәселесін алға тартқан еді. «Алматы келіс­сөз­дерінде» Батыс елдері де маңызды бір жобаны ұсынды. Өз кезегінде Иран Мәскеу кез­десуінде қозғалған бес мәселе мен «Алматы келіссөздеріндегі» бір мәселені қорытып, тағы да толық­тырылған үлкен мәселені күн тәртібіне шығарып отыр.
Әлемді қарусыздандыру мә­­се­­лесіне бүкіл ел, барша құр­лық бірігу керек. Осы қару­сыздандыру мәселесіне қатысты Иран бірнеше ірі халықаралық жобаларды ұсы­нып отыр. Иран да Қазақстан се­кілді ядролық қаруға қарсы ел. Қаһарлы қарумен емес, сындарлы саясатпен ғана мәселелер оң шешімін табатынын жас бала да білетін халге жетті. Бейбіт мәселелер тек тараптар бір-бірі­нің пікіріне көңіл аударғанда ға­на шешілетінін ескерсек, бұл мәселеде де саяси нәзік мін­деттерді түсіндіру арқылы мәміле іздеген «Алматы келіссөздері» бүгінгі саяси ғаламға көп мәселенің мәнісін ұғындырды.