05 Сәуір, 2013

Алға адымдаған «Азия-Авто»

1663 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алға адымдаған «Азия-Авто»

Жұма, 5 сәуір 2013 2:46

Өткен жыл еліміздегі автомобиль өндірісінің тұңғышы – «Азия-Авто» акционерлік қоғамы үшін жемісті жыл болды. Жыл көлемінде 16513 қазақстандық үлгідегі жеңіл кө­ліктердің 19 түрі шығарылды. Оның ішінде 14998 көлік ие­ле­рін тапты. Өскемендегі көлік зауыты өнім өндіруді бір­неше есе арттырды. Бұл табыстың өздігінен келмегені белгілі.

 

Жұма, 5 сәуір 2013 2:46

Өткен жыл еліміздегі автомобиль өндірісінің тұңғышы – «Азия-Авто» акционерлік қоғамы үшін жемісті жыл болды. Жыл көлемінде 16513 қазақстандық үлгідегі жеңіл кө­ліктердің 19 түрі шығарылды. Оның ішінде 14998 көлік ие­ле­рін тапты. Өскемендегі көлік зауыты өнім өндіруді бір­неше есе арттырды. Бұл табыстың өздігінен келмегені белгілі.


Ал биылғы жыл былтырғы­дан да табысты болатын түрі бар. Жақында зауытта «KIA Cerato-2014» седан көлігі шы­ға­рыла бастады. Қазақстандық зауыт бұл көлікті жасауды қол­ға алған алғашқы кәсіпорын. Атал­мыш седан кореялық компа­ния­ның ең табысты әрі белгілі үлгісі саналады. Әлем бойынша бұл көліктің 2,5 миллионы тіркелген. Айта кету керек, көліктің бұл түрін зауыт 2010 жылдан бастап шығарып жатыр. Үш жылда жаңа көлік елімізде ең көп сатылатын тұлпардың ішінде үштікке кіріп үлгерген.
Ең басты мәселе – сапа. Сапалы көлік шығару үшін ізденіс пен ілкімділік керек. Біз құрастырушы мамандардың біліктілігін арттыруға назар аударамыз. Мамандар шетелдерде білімдерін жетілдіреді. Бір ай бұрын көліктің тағы бір жаңа түрі – «KIA SIТ» хечбекті өндірісте құ­растыра бастадық. Оған сұра­ныс көп. Ал бір апта бұрын кө­лік­тің жаңа эксклюзивті түрі – ау­қатты адамдар тұтынатын «KIA KUORIS» көлігі өмірге жол­дама алды. Оның бағасы 70-85 мың АҚШ доллары көлемінде. Ал шетелдерде ол отыз пайыз қымбатырақ. Үстіміздегі үш айда ғана біздің зауыттан 6685 көлік шығарылды. Екі айда көліктердің 3249-ы сатылып кетті. Сенесіз бе, ел экономикасының қарыштап алға басуынан болар, Өскеменде құрастырылатын көліктерге сұраныс күшейіп барады, тіпті қажет көліктерін сатып алуға жарты жылға дейін кезекке тұратындар кездеседі. Демек, көлік сапасы автоәуесқойлар көңілінен шықты деуге негіз бар. Жыл аяғына дейін былтырғы көрсеткіштен асып түсуге мүмкіндік толық, дейді «Азия-Авто» АҚ президенті Ержан Мандиев.
Осыдан бір жыл бұрын Ресейдегі алып кәсіпорын «АвтоВАЗ» компаниясы Үкімет басшыларының араласуымен өскемендік «Азия-Авто» зауытымен келісімге келіп, бірлесіп көліктердің жаңа түрін шығару, экономикалық қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойған. Келешекте көлікке қажет қосалқы бөлшектерді құрастыру, шанақтарын жасау жергілікті жерде жүзеге аспақ. Облыстық әкімдік жаңа зауыт құрылысына мыңдаған гектар жер телімін берді. Отандық өндіріс дамыған жерде ел экономикасы да қарыштап алға баса бермек.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Суретте: «Азия-Автода» шығарылған жаңа көлік.
Суретті түсірген автор.