05 Сәуір, 2013

Ауыл жас мамандарды күтеді

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыл жас мамандарды күтеді

Жұма, 5 сәуір 2013 2:21

2009 жылдың шілде айында «Жас Отан» жастар қанаты мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бастамасымен «Дипломмен – ауылға!» жобасы басталған болатын. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жас мамандарды таңдаған мамандықтары бойынша қызметтерін ауылдық жерлерден бастауларына мүмкіндік туғызу мақсатында жүргізіліп келеді.  

«Жас Отан» жастар қана­ты Астана қалалық филиалы­ Еуразия гуманитарлық инс­ти­тутының колледжінде «Дип­лом­мен – ауылға!» акциясын ұйымдастырды. Бүгінде аталған бағдарлама шеңберінде 23 876 жас маман ауылға тартылды. Олардың ішінде 17 808-і (75 %) мұғалім, 4 745-і (20 %) денсаулық сақтау, 728-і мәдениет, 211-і әлеуметтік және 249-ы спорт, 135-і ветеринария саласының мамандары. Бүгінгі  таңда, облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, 2012-2014 жылдар аралығында жоба аясында ауылдық елді мекендерге 16 мыңнан астам маманды тарту жоспарланып отыр.
Бұл жоба біраз жетістіктерге жеткізгенімен, әлі де көптеген ауыл­дарда әртүрлі саладағы мамандар тапшы. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға!» бағ­дар­ламасын орта, кәсіби және жоо сту­денттері арасында насихаттап, ауылдық жерлерге маман тарту үлкен міндеттердің бірі болып отыр.
Бұл жолғы іс-шарада Астана қаласының жастарына және бітіруші түлектерге бағдарламаның мәні мен маңызын ашып көрсетіп, аталған бағдарламамен толыққанды таныстыру және жұмысқа деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар, жобаның қатысушыларына мемлекет тарапынан қолдау мен көмек көрсетілетіні жайлы түсіндіру арқылы ауылға баратын жастарды көбірек тарту болды.

«Егемен-ақпарат».