02 Сәуір, 2013

Қазақстан монеталары

558 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан монеталары

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:23

Оны қазіргі таңда Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады

Заманауи сандық технологиялар адамдарға өзара әңгімелесу, түрлі форматтағы файлдармен алмасу, оларды көшіру ғана емес, сонымен қатар, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ керек нәрселерін сатып алуына және ақы төлеуіне мүмкіндік береді.  Ғаламтор арқылы адам өз өміріне күнделікті қажеттінің барлығын дерлік сатып алуына болады.
2012 жылғы қарашада Ұлттық Банк  Қазақстанның ұлттық валютасының коллекциялық монеталарын кез келген адам қолма-қол емес есеп айырысу бойынша сатып алуға болатын өзінің меншікті Интернет-дүкенін ашты.

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:23

Оны қазіргі таңда Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады

Заманауи сандық технологиялар адамдарға өзара әңгімелесу, түрлі форматтағы файлдармен алмасу, оларды көшіру ғана емес, сонымен қатар, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ керек нәрселерін сатып алуына және ақы төлеуіне мүмкіндік береді.  Ғаламтор арқылы адам өз өміріне күнделікті қажеттінің барлығын дерлік сатып алуына болады.
2012 жылғы қарашада Ұлттық Банк  Қазақстанның ұлттық валютасының коллекциялық монеталарын кез келген адам қолма-қол емес есеп айырысу бойынша сатып алуға болатын өзінің меншікті Интернет-дүкенін ашты. ҚР ҰБ ТМД аумағындағы елдердің орталық банктері ішінде өзінің меншікті Интернет-дүкенін ашқан жалғыз банк екенін атап өткіміз келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында сатылатын коллекциялық монеталардың бағасы бағалы металға жұмсалған шығыннан, соғу және ілеспе шығыстар құнынан тұрады. Ұлттық Банкінің Интернет-дүкені арқылы  сатып алынған кезде сатып алушы жеткізу және сақтандыру бойынша шығыстарды қосымша көтереді. Бұл ретте негізінен алып-сатарлар – ретейлерлер, дистрибьюторлар қосатын қандай да бір үстеме ақылар болмайды. Ретейлерлер мен дистрибьюторлардың қызметіне орталық банктердің көпшілігі монеталарды сату жауапкершілігін өздерінен алып тастай отырып жүгінеді. Бұлар банктер де, сондай-ақ бағалы металдардан жасалған бұйымдарды сатумен айналысатын басқа ұйымдар да болуы мүмкін.

Монеталарды ҚР ҰБ Интернет-дүкені арқылы сатып алу үшін пайдаланушы тапсырыс берудің қарапайым рәсімін орындауы жеткілікті: ұнаған монеталарды таңдауы және олардың санын, қажетті деректемелерді  көрсетуі және ақы төлеуі тиіс. Тапсырысқа ақы төлеу «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Интернет-ресурсына «E-pay» электрондық төлемдер жүйесі арқылы жүргізіледі, оған пайдаланушы «Ақы төленсін» деген батырманы басқаннан кейін автоматты түрде қайта жіберіледі. Төлем карточкасынан ақы төленген кезде комиссия үшін қандай да бір сомалар есептен шығарылмайды.  Сондықтан да сатып алушы карточкадан ақы төлеген кезде ҚР ҰБ Интернет-дүкеніне тапсырыс бойынша автоматты түрде есептелген сома ғана есептен шығарылатындығына толық сенімді бола алады. Банктік карталардың барлығы бірдей бастапқыдан Ғаламторда ақы төлеу опциясына ие емес екендігін атап өту қажет. Карта Ғаламторда қаржы операцияларын жүргізуді қолдайтын-қолдамайтындығын білу үшін эмитент банктің өкілінен кеңес алу қажет. Әдетте, картада осындай опция болмаса, онда бұл мәселе эмитент банкте осындай қызметке қосуға өтініш ресімдеу арқылы немесе, тіпті, карточка берген  банктің клиенттерді ақпараттық қолдау орталығына телефон шалу арқылы шешіледі.
Тапсырысқа ақы төленгеннен кейін тапсырыс «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік жеткізу қызметіне беріледі. Монеталар «EMS» курьерлік жеткізу қызметінің конверттері және қораптарына оралады, олардың көлемі тапсырыс берілген монеталардың санына байланысты  болады. Жеткізудің құны ҚР ҰБ Интернет-дүкенінде тапсырысты ресімдеу кезінде почталық жөнелтілімнің салмағына және «Қазпочта» АҚ-ның тарифтері  бойынша  автоматты түрде есептеледі.
Жеткізу сомасына сатып алынған мо­нет­алардың жалпы сомасының 1% мөлшеріндегі автоматты түрде есеп­телетін сақтандыру сомасы кіретіндігін атап өткен жөн. Сақтандыру тапсырыс қандай да бір себептермен өз адресатына жетпеген жағдайда сатып алушыны қауіпсіздендіру үшін көзделген. Монеталар салынған жөнелтілім жоғалса, монеталардың толық құны сатып алушыға қайтарылатын болады.
Қорытындылай келе, негізінен көптеген пайдаланушылар ҚР ҰБ Интернет-дүкенінің жұмысына риза екендігін келіп түскен хаттардан білуге болатындығын айтқымыз келеді. Пайдаланушылар барлығының ұнайтындығын ғана емес, сонымен қатар, осы қызмет түрін қалайша одан да жақсартуға болатындығын жазатындығына да ризамыз. Келіп түскен ұсыныстар негізінде жақын арада ҚР ҰБ Интернет-дүкенінің жұмысы жетілдірілетін болады.
Монеталарды сатып алудың барлық талаптарымен «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы ақпарат» құжаты орналастырылған «Ұлттық валюта» бөліміндегі ҚР ҰБ Интернет-ресурсында барынша жан-жақты танысуға болады.
Жасұлан ТАЙПАҚОВ, 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінің бас экономисі.

Соңғы жаңалықтар