02 Сәуір, 2013

«Бекіре-2013» басталды

280 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Бекіре-2013» басталды

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:08

Жыл сайын осы мезгілде «Бекіре» акциясы басталады. Мақсат – Жайық-Каспий су бассейніндегі  бекіре тұқымдас балықтар қорына заңсыз қол сұғушылықты болдырмау. Бұл акция кеше тағы да бастау алды. Акцияның қамтитын аумағы өте ауқымды – Жайық-Каспий бассейнінің акваториясында өтеді. Яғни акция бастауын Батыс Қазақстан облысынан алатын Жайық өзені мен Маңғыстау өңірін қоса алғанда Каспий теңізінің өзге мемлекеттермен шектесетін аумағын қамтиды. Осыған орай Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының бастығы Әлібек Бұхарбаевтың айтуынша, Атырау, Дамбы, Жылыой, Исатай, Махамбет, Индер, Құрманғазы балық инспекцияларының 86 инспекторы қатысады. Әрине, патрульдік қайықтардың 10 бірлігін, 21 шағын қайық пен 18 автокөлікті акцияның ойдағыдай өтуіне тарту көзделіп отыр.

Өңір аумағында  20 балық қорғау бе­ке­ті құрылады. Мұның 13-і тұрақты жә­не 7-уі жылжымалы болады. Бекеттердің 12-сі Жайық өзенінің сағасында, ал 5-уі Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағасында орналаспақ, деп мәлім етті газет тілшісіне  Жайық-Кас­пий облысаралық бассейндік балық қорғау басқармасының бөлім бастығы Олег Тушканов. Бұдан бөлек, Каспий теңізінен заңсыз балық аулаушылардың жолын кесу мақсатымен 3 жылжымалы бекет те жұмыс жасамақ. Сондай-ақ, заңсыз ауланған балықтарды тасымалдау фактілерінің алдын алу үшін Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы халықаралық және республикалық маңызы бар көлік жолдарында да жол полициясы басқармасымен бірлескен тосқауыл бекеттері қойылады.
Су маржанын заңсыз жолмен сү­зу­шілер көлік құралдары оңайлықпен бара алмайтын тұстарды паналап, ең жүрдек су көліктерін пайдаланаты­ны жиі байқалып жүр. Сол себептен  балық қорын қорғаушылар акция аясында авиация мүмкіндігін пайдалануды жоспарлап отыр. Бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу мекеніне жетуі үшін су айдыны браконьерлік ау құралдарынан күн сайын тазартылмақ. Бұл акцияның нәтижелі болуына өңір­лердегі ішкі істер департаменті мен про­куратура, қаржы полициясы мен шека­ра­шылар да мүдделілік танытуды көз­деп отыр.
Браконьерлікпен бітіспес күрес бір акция аясымен шектелмейді. Өйткені, заңсыз балық аулаушылар қыста да, жазда да бекіре тұқымдас бағалы балық­тарға қол сұғуын қоймайды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының инспекторлары  жыл басынан бері браконьер­лерден шамамен 21 тонна 163 кило ба­лық түрлерін тәркілеген. Мұның ішінде 128 кило су маржаны бекіре тұқымдас бағалы балықтар тобына жатады. Сонымен қатар, балық қорғау заңдылығын бұзуға байланысты  834 факт анықталып, 33 іс құқық қорғау ор­ган­дарына жолданыпты. Демек, бра­коньерлікке қатысты мұндай деректер әлі де молаятындығы дау тудырмас.
Айтпақшы, бұл акцияға «Нұр Отан» партиясы да қолдау білдірмек ниетін танытты. Партияның Атырау қалалық фили­алы жанынан Бауыржан Бимурзин жетекшілік ететін бақылау бекеті құры­лып, браконьерлікпен күресте сыбайлас жем­қорлықтың алдын алуға қам жасап отыр.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Суретті түсірген 
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.