06 Сәуір, 2013

Кәнігі кәззап

395 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кәнігі кәззап

Сенбі, 6 сәуір 2013 2:13

Әбіләзовтің әуені енді оффшорлық  аймақтардан естіліп жатыр

Қазақта «Атың шықпаса, жер өрте» деген сөз бар. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мұхтар Әбіләзов үшін тіпті өзі шақпақ шағып, жер өртеудің тіпті де қажеті болмай шықты. Себебі, оның бір басып, жүріп өткен жерінің өзінен лап етіп от қаулап, жалын лаулап жүре береді екен.

Сенбі, 6 сәуір 2013 2:13

Әбіләзовтің әуені енді оффшорлық  аймақтардан естіліп жатыр

Қазақта «Атың шықпаса, жер өрте» деген сөз бар. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мұхтар Әбіләзов үшін тіпті өзі шақпақ шағып, жер өртеудің тіпті де қажеті болмай шықты. Себебі, оның бір басып, жүріп өткен жерінің өзінен лап етіп от қаулап, жалын лаулап жүре береді екен.

Мұнысын көзіне түскенін іліп түсетін бау­кес­­пелік­тің мектебінен баяғыда өтіп кетіп, қулы­ғы­на құрық бойламайтын кәнігі кәззаптықтың құ­жырасына барып қонжиып қалған Мұхтарекең күні кеше тағы бір байқатып салды. Бұл үшбу хабарды халықаралық зерттеуші журналистердің концорциу­мы деп аталатын мүйізі қарағайдай қауымдастығы жеткізді. Хабарламада аталмыш консорциумның оффшорлық компаниялармен және шоттармен байланыстары бар деген күдікке іліккен 170-тен астам елдің ондаған мың адамының мұқият та жіті тексеруден өткізілгені айтылған. Міне, «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын», «шыңда да, сында да, тыңда да аты естіле беретін» біздің Әбіләзов мырза осы тексерістің ауы аумағынан жарқ етіп шыға келген. Сөйтіп, әлгіндегі консорциумның болжамы бойынша, ол мемлекеттің 5 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатын қымқырып кеткендердің тізімінен табылған. «Әбіләзов 2006 және 2007 жылдары Британияның Виргиния аралдарында 31 компания құрған», делінген осыған қатысты материалда.
Осы орайда, өткен жылдың соңында ғана бұрын әлемге әйгілі Gardian басылымы жариялаған «жалған директорлардың тізімі» есімізге сарт ете түсе қалды. Оны да газет Вашингтондағы халықаралық зерттеуші журналистер консорциумының базасында орналасқан Panorama BBC басылымымен бірлесе жүргізген еді. Сонда да тізімге БТА Банктің бұрынғы басшысымен бірге, Ресейдің бірнеше бизнесмені кірген болатын. Оның қорытындысында, қазақстандық экс-банкирге 4 млрд. еуроның талап-арызы қойылған еді. Міне, сонда да Әбіләзовтің 2007 жылы заңсыз келісімдер жасау арқылы Виргиния аралдарынан жылжымайтын мүліктер сатып ал­ға­ны айтылған. Басылым ақпаратына қарағанда, біз­дің кәнігі кәззап гербтік төлемнен құтылу үшін Латвияның Eriks Vanagel компаниясының бас директорын әдемі пайдаланған болып шықты. Кейін осы мүкәмалдың иесі саналған латыш директоры Мұхтардың бөлесі Сырым Шалабаевтың атына сенімхат беріп, жылжымайтын мүлікті екінші біреу арқылы Әбіләзовке қайтарған. Бұлардың арасында Мұхтардың Хэмпстедтегі Bishops Aveue, Albert Court-тағы пәтер, Лондондағы NB1, сондай-ақ Виндзорға жақын маңдағы Oaklands парк секілді керемет нысандар бар.
Осылайша оффшорлық шоттар мен ком­пания­лардың иелері тізіміне берік кіріп кеткен Мұхтар Әбіләзов Қазақстаннан әкеткен қыруар ақшаларының бәрін ұрлық жолымен тапқанын тағы да амалсыз айғақтап берді. «Дауасыз ұры» бұл ұзын-сонар тізімнің ұшар басында тұр. Ал оның жаны­на кімдер қонақтаған дегенге келсек, біздің көзі­мізге бірден Грузияның премьер-министрі Бид­­зина Иванишвили, француз баспагері Жан-Жак Ожье, моңғол саясаткері Байарсогт Сан­гад­жав, Венесуэланың армия генералы Хосе Пинто, Зим­баб­венің бизнесмені Раутенбах Конрад, АҚШ-тың композиторы Дениз Рич, Кувейттің билік ба­сындағы династиясы, Колумбияның бизнесмен­дері Альваро Урибе мен оның ұлдары, Испанияның коллекцио­нері әрі меценаты Кармен Тиссен, украин кәсіпкері Дмитрий Фирташ, Италияның хакері Фабио Джионни секілді кілең «ығайлар мен сығайлар» түсер еді.
Әйткенмен, мемлекеттің осылайша оңды-солды қолды етіліп кеткен қаржысын да қайтаратын күн әлі туатын шығар. Себебі, Мұхтар Әбіләзов мінген «қарақшылар кемесінің» ауқымы да Оноре де Бальзактің «Шегірен былғарысы» секілді күннен-күнге қысқарып келеді.

Руслан ИГІЛІК.