20 Наурыз, 2013

Браконьерлер

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Браконьерлер

Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 1:39

Талдықорған қаласынан 300 шақырым қашықтықта ор­наласқан Балқаш ауданы балығы мен ондатрының мол­дығымен де ерекшеленетін өңір. Бұл күндері осы өлкені қақ жара ағып Балқаш көліне құя­тын Іле өзенінің жағалауында браконьерлікпен ондатр аулау науқаны қызып тұр. Полицейлер балқаштық бір тұрғынның үйінен 1300 дана ондатр терісін тауып алды. Табиғат қорғау саласы бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен жол полициясы қызметкерлері бір­лесе жүргізген рейд барысында салоны ондатр терісіне лықа толтырылған «Лексус-330» автокөлігі ұсталды.

Бұл көлік жүргізушісін Балқаш аудандық ішкі істер бөліміне апарып, жауап алу барысында ол ондатр терілерін Алматы қаласына апарып сату үшін жергілікті тұр­ғындардан сатып алғандығын айтқан. Осы браконьерлік әрекет бойынша ҚР ҚК 288-бабымен қылмыстық іс қозғалып, полицейлер тексерулер жүргізуде.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.