19 Наурыз, 2013

Ұрлап, ұсталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұрлап, ұсталды

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:18

Алматы қаласы әуежайының Көліктегі ІІД желілік полиция бөліміне «Air Astana» АҚ президенті Питер Фостер келіп, «Air Astana» АҚ әуе кемесінен жалпы құны 5 миллион 439 мың 507 теңге тұратын «IPad» маркалы 28 планшет бар 2 арбаны белгісіз біреулер ұрлап кеткендігін айтып, арызданды. Содан аталған дерек бойынша ҚК 175-бабы 4-бөлігінің «б» тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласы әуе­­­­жайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері алдын ала жедел-іздестіру шарасы барысында «Air Astana» ком­паниясының 27 және 28 жастағы екі қызметкерін ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алды. Бұған заттай айғақтар бар, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.