03 Сәуір, 2013

Шарайна

236 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:15

Ерекше жағдайға келтірілді 
Кеше Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауына эскадериялық мина тасымалдаушыларын орналастырды. Бұл жөнінде «Франс-пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:15

Ерекше жағдайға келтірілді 
Кеше Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауына эскадериялық мина тасымалдаушыларын орналастырды. Бұл жөнінде «Франс-пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.

КХДР мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, Солтүстік Корея билігі түбектегі жағдайға байланысты елдің қарулы күштері ерекше жағдайға келтірілген. Оның ішінде 2007 жылы «тұмшаланған» Ионбендегі ядролық реакторы да қайта іске қосылуы мүмкін. Ресми Сеул солтүстіккореялықтардың бұл әрекетін арандату деп бағалап, оған қарсы жауап қайтаруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Екі жылдан соң қайтарды
Белоруссия мемлекеттік қауіпсіздік комитеті оппозиционер Анатолий Лебедькоға 10 мың долларды қайтарды. «Хартия 97» агенттігінің хабарлауынша, бұл қаржы одан осыдан екі жыл бұрын «кәмпескеленіп» алынған екен.
Дерек көздеріне қарағанда, 2010 жылы өткен президенттік сайлауда, оның нәтижесіне көңілі толмаған оппозиционерлер ереуілге шыққан. Оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Ал сол жылдың желтоқсанында елдің арнайы қызмет органдары А.Лебедьконың пәтеріне тінту жүргізген көрінеді. Әлгі 10 мың доллар сонда тәркіленген екен.

Қорғаймын деп соққыға жығылды
Кеше Қырғызстан жоғарғы сотында адвокат Шамшидин Ниязалиев соққыға жығылды. Бұл жөнінде «Ферғана» ақпарат агенттігі хабарлады.
Дерек көздеріне қарағанда, тегі өзбек болып табылатын оған сот отырысы барысында ондаған адам қоқан-лоқы көрсеткен. Қағаздарын тартып алып, жыртып тастаған. Өкініштісі, оған ешкім араша түспеген. Шамшидин Ниязалиев Қырғызстандағы  өзбек диаспорасының құқығын қорғаушы болып табылады.

Лондондағы зиратқа жерленеді
Ресейлік кәсіпкер Борис Березовский Ұлыбританиядағы Ганнерсбери зиратына жерленетін болды. Бұл жөнінде кәсіпкердің жақын туыстары хабарлаған.
Кейбір ақпарат құралдарының дерек­­­­теріне қарағанда, Березовскийдің туыс­тары, оның ішінде анасы бұрыннан Батыста тұрып келеді. Ганнесбери зиратында Березовскийдің жақын досы Александр Пятигорский жерленген екен. Бүгінде Борис Березовскийдің өліміне байланысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Деректер оның асылып өлгенін, оған қандай да бір күш қолданылмағанын алға тартады.

Екі аптадан кейін қайта жалғасты
Кипрдің қор биржасы екі апталық үзілістен кейін жұмысын қайта жалғастырды. Ақпараттар бойынша алғашқы минөтте небәрі 0,16 еуроға бір ғана мәміле жасалған.
Кипрдің қор биржасы ондағы банк­термен бір күнде жабылған болатын. Ал банктер өткен аптаның соңында қайта ашылған еді. Қаржылық қиындықтарға байланысты бұл елдің банкоматтарынан күніне 300 еуродан астам ақша алуға болмайды. Бұл жағдай осы айдың ортасына дейін созылатын сияқты.

Елші қызметіне ұсынды
АҚШ президенті Барак Обама елдің бұрынғы президенті Джон Кеннедидің қызы Кэролайнды АҚШ-тың Жапониядағы елшісі қызметіне ұсынды. Ол АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Джон Русты алмастыратын болады.
Кэролайн Кеннеди адвокат және ол жазушы, көптен бері коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ол 2008 жылғы президенттік сайлауда Барак Обаманы қолдаған. К.Кеннеди 1963 жылы атып өлтірілген Джон Кеннедидің бірден-бір мұрагері болып табылады.

Қысқа қайырып айтқанда:
*Польшада қалың қар түсуі салдарынан 100 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды.
* Украиналық оппозиционерлер Жоғарғы Рада ғимаратының алдында шеру өткізді. Талабы – Киев қаласы мэрінің сайлауын 2 маусымға тағайындау.
* Өткен наурыз Сириядағы ең қантөгісті ай деп танылды. Осы айда 6 мыңнан астам адам мерт болған.
*Венесуэла түрмесіндегілер түрлі-түсті музыкамен безен­дірілген «түнгі клуб» ашыпты. Оның ашылуына сотталған­дардың  туыстары қатысқан көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.