20 Наурыз, 2013

Швед жеріндегі шежіренің басы

313 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Швед жеріндегі шежіренің басы

Бейсенбі, 21 наурыз 2013 0:40

Қазақстан мен Швецияның екіжақты саяси қарым-қатынасы осы кезге дейін жоғары тиімділікті деңгейге көтеріле қойған жоқ еді. Дегенмен, екі елдің ертеден басталған байланысы шынайы достық пен риясыз тілектестік тұрғысында дамып келеді. Сол барыс-келістің уақыт ұзаған сайын сенімді бола түскенінің бір айғағы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы қаңтардың ортасында Швеция астанасы – Стокгольм қаласында Қазақстан елшілігін ашу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл еліміздің көне русланд жеріндегі жаңа шежіресінің парақтары ашылғанын көрсетеді.

 

Бейсенбі, 21 наурыз 2013 0:40

Қазақстан мен Швецияның екіжақты саяси қарым-қатынасы осы кезге дейін жоғары тиімділікті деңгейге көтеріле қойған жоқ еді. Дегенмен, екі елдің ертеден басталған байланысы шынайы достық пен риясыз тілектестік тұрғысында дамып келеді. Сол барыс-келістің уақыт ұзаған сайын сенімді бола түскенінің бір айғағы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы қаңтардың ортасында Швеция астанасы – Стокгольм қаласында Қазақстан елшілігін ашу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл еліміздің көне русланд жеріндегі жаңа шежіресінің парақтары ашылғанын көрсетеді.

Наурыздың 19-ы күні кешке Швецияға ұшып келген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ең алдымен, осы шаруаның ұйым­дастырылу барысындағы жұмыс­тарды пысықтап, нақтылы кө­мек көрсетуді мақсат тұтты. Қа­зақстан сыртқы саясат ведомс­твосы басшысының мұндағы жұмыс сапары барынша тығыз да маңызды болды. Ол кештетіп жеткеніне қарамастан, швед жеріне табан тіреген бойда-ақ осы бағыттағы жұмыстарына кірісіп кетті. Е.Ыдырысов «Grand Hotel» мейманханасының фойесінде шведтің «Dagens Nyheter», «Aftenprosten» деп аталатын беделді газеттерінің тілшілеріне сұхбат берді.
Сыртқы істер министрі келесі күннің таңындағы кездесулерін де әдеттегі мерзімнен көп бұрын бас­тады. Таңмен таласа тұрған ол алдымен Швецияның Сауда сыртқы істер министрі Карл Бильдтпен және шведтің «Эриксон», «Теле-2», «АВВ», «Атлас Корпо», «Сканиа», «Телиа Сонера», «Ху­лем Ватер Солутиони», «Орит­лайн» секілді компаниялары өкілдерімен жүздесті. Онда тараптар Қазақстанның үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­му бағдарламасына энергия, те­лекоммуникация және косметика салаларында швед инвестициясын тартудың мүмкіндіктері мен келешегі жайлы пікір алмас­ты. Басқосуда екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде телекоммуникация, энергия, машина жасау, көлік шығару, «жасыл» технология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері кеңінен қамтылды.
Е.Ыдырысов пен К.Бильдттің пікір алмасулары барысында Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық қатынастың 1992 жылдың 7 сәуірінде басталғаны да сөз болды. 2004 жылдың 13 мамырында Швеция Корольдігінің резиденциясы Стокгольмде орналасқан Қазақстандағы елшілігі ашылды. 2008 жылғы 17 қаңтарда Қа­зақстанның резиденциясы Лон­донда болатын Швециядағы елшілігі отау көтерді. Ал 2010 жыл­ғы 15 қазанда Швецияның Ас­танадағы елшілігі есік аш­ты. Енді, міне, сондай «басы бүтін» дипломатиялық корпус Стокгольмде бой көтеретін күн де жа­қын қалды.
Екі елдің арасындағы бірінші ресми жұмыс сапарын 2004 жыл­ғы 25-26 қазан күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастады. Арада екі жыл өткенде, 2006 жылдың 20-22 ақпанында қарымта сапар жасаған Швеция жағы Астанаға Премьер-ми­нистр­дің бірінші орынбасары Боссе Рингхолм бастаған швед кә­сіпкерлерінің делегациясын жі­берді. Шведтер біздің елордамызда 2010 жылғы желтоқсанның басында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне Сауда сыртқы істер министрі Карл Бильдт алып келген делегация құрамында қатысты. Осының бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың баяу да байсалды байыпта дамып келе жатқанын көрсетеді.
Сауда-экономикалық ын­ты­­мақтастық жайына келсек, оның деңгейі 2011 жылы бұрын болмаған өлшемге жетіп, 463,1 млн. долларды құрады. Бұл – осы­­ның алдындағы көрсеткіштен 3 пайызға артық. Рас, осының ал­дын­дағы Финляндиямен арадағы көрсеткішке қарағанда, көп төмен. Олай болатын да жөні бар. Суоми елі егемендіктің алғашқы елең-алаң кезеңінен біздің тұрақты әріптесіміз болып келеді. Ол бұл көрсеткіш жағынан бүкіл Бал­тық аймағындағы елдердің бәрінен, тіпті барлығын қоса есеп­тегенде де, басып озады. Енді, Шве­циямен сауда-экономикалық қарым-қатынасты да біртіндеп сол деңгейге жеткізу көзделуде.
Қазіргі таңда Қазақстанның бұл елге экспортының негізгі бө­лігін мұнай және мұнай өнім­дері, темір, болат, түсті металл, металлургиялық кендер, май өнімдері құраса, өз кезегінде швед­тердің біз жаққа жөнелтетін тауарлары арасында машиналар мен жабдықтар, пластмасса заттар, телекоммуникация, жазба жабдықтары, қағаз бен картоннан істелген бұйымдар, ағаш пен одан жасалған дүниелер, темір және болат құрылғылар айрықша басымдық алып тұрады. Осы кездері біздің елімізде шведтің түрлі сауда қызметін көрсететін, сыра өндіретін, коммерциялық әре­кеттерге қолдау жасайтын 30 біріккен кәсіпорыны жұмыс істейді.
Ерлан Ыдырысов келесі кезекте осы елдің Парламенті халықаралық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ханс Уоллмарктің және оның орынбасары Урбан Алиннің қабылдауында болды. Шведтің тамырын тым ертеден алатын, бастауы XV ғасырдағы тектік-өкілдік жиналыста жатқан халықтық сайланбалы органы 1866 жылдан бас­тап «Риксдаг» деп аталады. Ол 1971 жылдан бері қарай бір палаталы үлгіге көшкен. Риксдагқа пропорционалды негізде 4 жылда бір сайланатын 349 депутат 15 комитеттің құрамында жұмыс жасайды. Кездесуде тараптар екі елдің парламенттері шеңберінде ынтымақтастық жасаулары турасында ойларын ортаға салды.
Әлбетте, XVII ғасырдан бас­тап парламенттік жүйе бойынша жұмыс істеп келе жатқан Шве­цияның бұл тұрғыдағы тәжі­рибелері өте бай. Бұл ел ежелден конституциялық монархия болып саналғанымен, заң шығарушы биліктің халық тағдырын ше­шу­дегі рөлі зор. Ешкімге еш уақытта тәуелді болып көрмеген, керісінше, заманында басқаларды өзіне бағындырған жұрттың өзін өзі басқару жүйесінде де өзгелерге үйретер өнегесі жетерлік. Кезде­судің соңында қазақстандық делегация Риксдаг үйін аралап шықты.
Бұдан кейін Қоршаған орта министрлігінің мемлекеттік хатшысы Андерс Фланкингпен кездесу өтті. Оның барысында тараптар елімізге энерготиімділік, қоршаған ортаны қорғау жайларын талқылаумен бірге, Астанада өткелі тұрған ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясындағы «жасыл» технологиялар салаларына Швецияның тәжірибелері мен компанияларын тартудың кейбір өзекті мәселелері қарастырылды.
Осы ұшырасудан соң Е.Ыды­ры­сов баспасөз мәслихатын өт­кізді. Келесі кезекте Қазақстан Сыртқы істер министрі Стокгольм мектебі жанындағы Стокгольм өтпелі экономика институтына аялдап, Швеция Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің, жоғары оқу орны оқытушы-про­фессорлары мен студенттерінің алдында «Қазіргі әлемдегі Қа­зақ­стан» деген тақырыпта сөз сөйледі. Ол сөзінде дәл қазіргі таңда біздің еліміздің Швеция үшін Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі болып табылатынын алға тартты. Сөзінің соңында Е.Ыдырысов аудиторияның көп­теген сұрақтарына жауап берді.
Сонымен, біздің швед жеріндегі жаңа шежіреміздің басы жазыла бастады. Бұл мемлекетке сапар соңын осындай тұжырымдармен түйіндеген Қазақстан Сыртқы істер министрі бастаған делегация кеше кешкісін аттың басын Норвегия Корольдігінің астанасы – Осло қаласына қарай бұрды.

Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан» –  Стокгольмнен.

Соңғы жаңалықтар