02 Сәуір, 2013

Еліміздің тағдыры өз қолымызда!

715 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Еліміздің тағдыры өз қолымызда!

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:07

Еліміз бен оның азаматтарының бірлігі Қазақстанның әрі қарайғы дамуының негізі болған, солай болып қала береді. Осыған байланысты отандастарымыздың нақты өмірі арқылы еліміздің табысын, оның азаматтарының табысын көрсетуді мақсат ететін жыл сайынғы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумын өткізу идеясы дүниеге келген болатын.

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:07

Еліміз бен оның азаматтарының бірлігі Қазақстанның әрі қарайғы дамуының негізі болған, солай болып қала береді. Осыған байланысты отандастарымыздың нақты өмірі арқылы еліміздің табысын, оның азаматтарының табысын көрсетуді мақсат ететін жыл сайынғы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумын өткізу идеясы дүниеге келген болатын.


«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» жалпықазақстандық форум аясындағы шаралар өткен аптада Қызылорда, Атырау және Қарағанды облыстарында ұйымдастырылды.

IMG_5794

Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы салтанатты шараға ау­данның танымал тұлғалары, мемлекеттік ор­гандар, ҮЕҰ, интеллигенция мен жас­тар өкілдері жиналды.
«Мен 1940 жылы Грузияда дүниеге келдім, – деп бастады қатысушыларға өз өмірінен сыр шерткен Т.Дямуршаев. – Жасым 4-ке толған кезде отбасымызбен Қазақстандағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қоныс аударыппыз. Бүгінгі таңда біз – қазақстандық гру­зиндер осы өлкеде бақыттымыз деп мақтанышпен айта аламын. Біздің бәрі­мен теңдей мүмкіндіктеріміз бар. Бізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. Қазақстандағы осынау институттың үлгісі әлемде мойындалған, ал оның ұлтаралық татулық пен кон­фессияаралық келісімді нығайтуға ба­ғытталған саясатты жүргізудегі тәжі­рибесін алыс және жақын шет елдер де қабылдап жатыр».
Жас көшбасшы Мұхтар Ыбыраев Мәскеуде (Ресей) дүниеге келген, бірақ Қазақстан егемендігіне қол жеткізген кезде тарихи Отанына оралды: «Біздер – ата-бабаларымыз күрескен, армандаған тәуелсіздіктің куәгерлеріміз. Енді біздің ұрпақтың кезегі келді. Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда! Халық даналығында «Не ексең, соны орасың» деген тәмсіл бар, тек жақсылық пен игіліктің, білім мен отаншылдықтың дәнін себейік…».
Іс-шара соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиев №250 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы, облыстық «Эрудит» интеллектуалдық олимпиадасында бас жүлдеге ие болған Айжан Ахметова мен үйде орын алған өртте ерлік көрсетіп, үй ішінен газ баллонын алып шыққан №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, өртке қарсы қызметтің кіші сержанты Дәурен Шайхымұратовты және «Қазақтелеком» агенттігінің монтері Сексенбай Жиенбаевты марапаттады.
Аудандық форум Бекболат Тілеу­ханның «Елім менің аңсаған» әнімен қорытындыланды.

* * *
Атырау облысының Индер және Махамбет аудандарында өткізілген іс-шараның басты мақсаты өңірлердің қа­лыптасуы мен жүйелі дамуына, сол ар­қы­лы тұтастай тәуелсіз Қазақстанның да­муына сүбелі үлес қосқан аудан тұр­ғын­дарының жетістіктерін көрсету болды.
Махамбет ауданындағы форумның басында әнұран орындалып, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» фильмі көрсетілді. Шараның ресми бөлігін аудан әкімі Ерлан Жаңабаев ашып, жинал­ғандарды осынау айтулы оқиғамен құт­тықтады.
Жерлестеріне өз өмірлерінен сыр шер­тіп, жетістіктерімен бөліскендердің қатарында Махамбет аудандық мәс­лихатының хатшысы, Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің қола медаль иегері Асқар Құрманбаев, «Құрмет» орденінің, «Астана» медалінің иегері Аманжол Есқараев, ауданның 80 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Нұрбибі Әбдірахманова, ақын, «Жайық шұғыласы» аудандық газетінің бас редакторы, Журналистер одағының мүшесі Нұрым Ерғалиев, аудандық мәслихат депутаты Мақаш Бисенова, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жібек Мугауова, «Құрмет» орденінің иегері Владимир Розметов, мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы, жастар қозғалысының белсендісі Дінмұхаммед Лұқпанов және т.б. болды.
«Маған кеңес кезінде де, қазір де жұмыс жасау бақыты бұйырыпты. Әрине, әр дәуірдің өз артықшылықтары болады. Кеңес Одағы кезінде де біз көптеген жақсылықтарды көрдік, мысал үшін айтсақ, жұмыссыздық деген атымен болмайтын. Алайда, біз өз жеріміздің, өз тағдырымыздың қожасы бола алмадық…», деді форумның қаты­сушыларына Асқар Құрманбаев.
«Мен және менің замандастарым – Қазақ елінің бақытты ұрпағы. Өйткені, біз еліміздің көтеріліп келе жатқан, дамып, өркендей түскен уақытында өмір сү­ріп жатырмыз – деп мәлімдеді мектеп оқушысы Дінмұхаммед Лұқпанов. – Ота­нымның игілігі үшін еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанға бар жан-тәніммен қыз­мет ететін боламын деп уәде бере­мін!»
«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумының аясында қатысушылар «АТОМ» Жобасының петициясына қол қойды.
Атырау облысының Индер ауда­нын­дағы форумда спикерлерді жиналғандар зор қошеметпен қарсы алды. Бүгінгі күннің мұндағы ерлерінің қатарында жергілікті интеллигенция, ардагерлер өкілдері – Журналистер одағы сый­лы­ғының лауреаты Сансызбай Базарбаев, Индер көпбейінді ауылшаруашылық кол­леджінің оқытушысы Алтыбай Ер­мұханов, Чернобыль апатының салдарын жою­ға қатысқан Ақылбек Хайырлиев, аудан­дық «Дендер» газетінің тілшісі, Индер ауданы бойынша «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Сұңқар Көшеков, көпбалалы ана Фарида Ғұмарова көрінді.
«Тарихтың қас-қағымдай қысқа мерзімінде біздің жас мемлекетіміз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді, – деді форумда сөз сөйлеген Сансызбай Базарбаев. – Бүгінде тәуелсіздігімізге 21 жыл толды, бұл көп те емес, алайда атқарылған істер баршылық, оны әлемдік қоғамдастық та таныды».
«Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандықтан, мен ядролық сынақтың қасіретін жақсы білемін, – деді қатысушыларға Ақылбек Хайырлиев. – Кеңестік мемлекеттің қателігі мен салғырттығынан мыңдаған кінәсіз отбасылар зардап шекті… Президентіміз қазақ жеріндегі ядролық сынақтарға «Жол берілмейді!» деді. Сөзінде тұрды. Кеңес заманының өзінде қаймықпастан Семей полигонын жапты».
Іс-шара «АТОМ» Жобасының пети­циясына қол қою, алғыс хаттармен мара­пат­­таумен жалғасты, соңында «Ата­ме­кен» әнін жиналғандар қосылып бірге шыр­қады.
* * *
Қарағанды облысының Теміртау қала­сында өткен салтанатты шара Тұң­ғыш Президенттің тарихи-мәдени орта­лығында өткізілді. 2011 жылы ашыл­ған Орталық – салтанатты киіз үй түрін­дегі теңдесі жоқ сәулетті жоба. Оны Елбасының жай ғана тағдыр жылнамасы емес, тәуелсіз Қазақстанның да жылнамасы деп атауға болады. Мұражайдың алты залында Н.Назарбаевтың тұлға­лық қалыптасуы мен мемлекет игілігіне жаса­ған жұмыстарының тарихы көрсетілген.
Дәл осы жерде, таңданатыны жоқ, жерлестеріне атақты теміртаулықтар да өз жетістіктерінің құпиясын паш етті.
«Мен қарапайым кеншінің отбасында дүниеге келдім, Мәскеу автомобиль-жол институтын үздік бітіріп, Қарағанды политехникалық институтына жұмысқа жолдама алдым. Осы жерде 30 жылдық – кіші ғылыми қызметкерден Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры қызметіне дейінгі еңбек жолынан өттім. Мен үшін бүгінде еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі түлегі саналатын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры болу үлкен құрмет болуымен қа­тар, зор жауапкершілік жүктейді», деді техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Марат Ибатов.
«Бақытымызға орай, бүгін біз бей­біт елде өмір сүріп жатқанымызды мақтанышпен айта аламыз, – деп атап көрсетті «Синергия» қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы, «Достасу» медиация және құқық орталығының жетекшісі Майя Блащенко. – Ел игілігі үшін түрлі салада өзімізді көрсетуге, бәрін жасауға, жұмыс істеуге мүмкіндігіміз мол. Біздің республикамыздағы сәтті жүзеге асырылып жатқан бейбітшілік пен келісім саясаты болмаса, мұның бірде-біріне жол жоқ болар еді. Үлкен ұлым Санкт-Петербург университетіне емтиханды сәтті тапсырып тұрғанына қарамастан, «Өз елімнен басқа еш жаққа да кетпеймін!» деп Қарағандының жоғары оқу орнына түсті».
Президент Н.Назарбаевтың курс­тасы, құрметті металлург, «Құрмет» орденінің иегері Тоқтархан Ысқақовтың өмірлік ұстанымы: «Металлургия – менің тағдырым!». Ол Семей облысында дүниеге келген, ядролық полигондағы сынақтың куәгері. Сөз орайында айта кетсек, ҚР халық әртісі Роза Рымбаевамен бір ауылда өскен. Мектепті бітірген соң, комсомолдық жолдамамен екпінді құрылысқа – Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатына барады.
«Әскерден келген соң, Қарағанды политехникалық институтына оқуға түстім. Көп ұзамай елдің болашақ Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев та студент болды… Тәуелсіздік жылдарында көп қиындық кездесті, дегенмен, мен тәуелсіз елімізбен бірге көркейіп, өсіп-өніп, жетілгенімді мақтан тұтамын. Дұрыс таңдау – ол сенің жасауға тиісті шаруаны шын жүректен жасағанда ғана болады. Жерлестеріме еліміздегі, қаламыздағы сәтімен, табысты атқарылып жатқан шаруалардың барлығын сақтай біліп, кейін­гіге жеткізсін деген тілегімді арна­ғым келеді», – деп сөзін түйді Т.Ысқақов.
«Менің айтпағым мынау: қандай іспен айналыссаң да, бастысы – шын ниет­пен кірісу. Егер ниетің болмаса, нә­тиже де болмайды, бос әурешілікке айналады. Кез келген істі қолға алған кезде бар жан-тәніңмен кірісу керек. Сонда ғана ол жемісін бермек!» деген сенімде самбо күресінен әлем чемпионы Никита Азаров.
«Әрине, сонымен бірге, өзімізді көр­­сету үшін де бейбітшілік керек алды­мен. Қазіргі таңда Қазақстанның яд­­ролық қарусыздану мен ядролық қауіп-қатерді қысқарту үдерісіне қосқан өл­шеусіз үлесі кеңінен мойындалды. Біз адамдарды өз еркімен Президент Н.Назарбаевтың халықаралық «АТОМ» Жобасын қолдауға, сөйтіп, өмір сүріп отырған планетамызды ұрпақтың жар­қын болашағы үшін ядролық қарусыз әлем­ге айналдыруға шақырамыз», – деді ол жиналғандарға арнаған сөзін қоры­тындылай келе.
Форум аясында қатысушылар АТОМ Жобасының петициясына қол қойды.
Сондай-ақ іс-шара барысында көр­сетілген ғылыми-инновациялық және әлеуметтік жобалар байқауының жеңім­паздары марапатталды. Оннан астам жас ізденімпаз төрт бағыт – «Инновация және интеллект», «Жастардың әлеу­меттік белсенділігі және еріктілік», «Толеранттық. Бейбітшілік. Келісім» бағыттары бойынша өздерінің идеяларын сарапшылардың назарына ұсынды.
Я.Абрамайтес, И.Новиков, А.Во­ло­китин, А.Алмазов, А.Сейдуллаева, К.Нау­мов, А.Шефер, М.Кукимовтың Қара­ғанды мемлекеттік индустриялық университеті мен Теміртау медколледжі, №16 орта мектеп командаларының ең­бектері үздік деп танылды.
«Егемен-ақпарат».

Суретті түсірген 
Ринат ДУСУМОВ.