16 Наурыз, 2013

«Мен тірі кезде туберкулезді тоқтатыңыздар»

372 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Мен тірі кезде туберкулезді тоқтатыңыздар»

Сенбі, 16 наурыз 2013 2:09

Осындай ұранмен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай 2013 жылдың 23 ақпан – 24 наурыз аралығында республика бойынша айлық жарияланған болатын.

Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат тұтқан елімізде туберкулез сияқты әлеу­меттік маңызы бар ауруларға қар­сы күресі кең өріс алып отыр. Нәти­жесінде соңғы 5 жылда туберкулезбен сырқаттану деңгейінің төмендегені байқалады. Мәселен, 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2008 жылы 125,5 болса, 2012 жылы 81,7, яғни 34,9 пайызға, ал өлім көрсеткіші 2008 жылы 16,9-дан 2012 жылы 7,2 дейін (57,4 пайыз) кеміген.

Туберкулез проблемалары Ұлт­тық орталығының директоры, профессор Тілеухан Әбілдаевтың пікірінше, өткен жылы жаңа инновациялық технологиялардың енгізілуі, аурудың жаңа жағдайларының арасында туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерге дәрілік сезімталдық тестімен анықтау 91 пайызға дейін (ДДҰ стандарты 90 пайыз), ал қайталау жағдайлары 94,5 пайызға дейін жеткен. Ал науқастарды еммен қамту 2008 жылы 27,5 пайыздан 2012 жылы 86,9 пайызға өскен.

Сондай-ақ, Туберкулез пробле­ма­лары ұлттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында USAID «Са­палы денсаулық сақтау» жобасының туберкулез жөніндегі аймақтық кеңесшісі Гомбогарам Цогт мырза Қазақстан 2012 жылдың соңында ДДҰ мақсаттарына қол жеткізгенін, 2015 жылға дейін көп дәріге төзімді туберкулез науқастарын 85 пайыз еммен қамтып және КДТ ТБ та­быс­ты емдеу деңгейі бойынша әлем­де бірінші орын алатындығын мәлімдеді.

Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының, Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен үстіміздегі жылдың 20 наурызында сағат 13.30-дан 15.00-ге дейін Республика сарайы алаңында Алматы қаласының тұрғындары үшін Дүниежүзілік тубер­кулезге қарсы күрес күніне арнал­ған промо-акция өткізілмек. Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры, профессор Жамиля Баттақованың айтуынша, аталмыш іс-шара шеңберінде тұрғындар тегін флюрографиялық тексеруден өтіп, фтизиатр мамандардан кеңес алады, тұрғындардың туберкулез туралы не білетінін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі.

Сонымен қатар, айлық аясында осы тақырыпта қалам тартып жүрген журналистер арасында байқау өткізіледі. Байқаудың мақсаты – БАҚ-та азаматтық қоғам институттарының, тұрғындардың және ұйымдардың еліміздегі туберкулез мәселелеріне назарын аудару, халықтың сауаттылығын арттыру және еліміздегі туберкулезге қарсы бағдарламаларды жүзеге асырудың жетістіктері мен негізгі бағыттарын халыққа жеткізу.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».