04 Сәуір, 2013

Еркектер иттік жасады

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еркектер иттік жасады

Бейсенбі, 4 сәуір 2013 2:03

Оқиға Маңғыстау облысының Қа­ра­қия ауданына қарасты Жетібай ауылында орын алды. Кешкі сағат 8-дер шамасында әкесі дүкеннен минералды су алып кел деп жұмсаған 15 жасар қызды жолдан әлдекімдер күштеп көлікке отырғызады. Қорқып айқайлаған қыздың алдымен қалтасынан азын-аулақ ақшасын алып, өзін аяқталмаған құрылыс ғимаратына алып келеді. Құрылыс ішінде жас қызды зорлап, ұрып-соғып, денесіне темекі күйдіріп басып, білгендерін жасайды.

Көлік ішіндегі төртеу кейіннен «жас иіс» бар деп бесіншісін шақырып, қызды ертеңгі сағат 10-ға дейін әурелейді. Маң­ғыстау облыстық ІІД тергеу басқармасы бас­тығының орынбасары, полиция капитаны А.Омаровтың айтуынша, желік­кендер албырттыққа бой алдырды дейтін жастар емес, кішісі 24, үлкені 31 жастағы кісілер екен. Тіпті, шақыртумен келген бесінші қылмыскер 45 жастағы қырма сақал деген сыбыс бар. Үйлі-күйлі, бала­лы-шағалы бұлардың бірқатары айтулы мұнай компаниясында жұмыс жасайтын болып шықты. Қылмыскерлердің қо­лынан аман қалған қыз үйіне келіп, мән-жайды ата-анасына баяндайды. Құ­қық қорғаушылар көп ұзамай-ақ қол­ға түсірген күдіктілерді қыз айнытпай танығандықтан, тиісті орындар тергеу амалдарын жүргізуде. Жасаған қыл­мыстары үшін енді олар 8 жылдан 15 жыл­ға дейін абақтының аржағын мекен етуі мүмкін.
Қазақы бауырмалдықтың, иман­ды­лықтың ұясы саналатын ауылда орын алған бұл оқиға талай жанның жанын түр­шіктіріп отыр. Асылы, «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген осы болса керек.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.