Аймақтар • 30 Тамыз, 2017

«Әлем балалары» Ата Заң мейрамында өнер көрсетті 

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі мамандандырылған арнайы балет мектебінде «Әлем балалары» ұжымының бишілері Конституция күніне орай ұлттар достығын бейнелейтін қойылымды халық назарына ұсынды. 

«Әлем балалары» Ата Заң мейрамында өнер көрсетті 

Аталған оқу орнының директоры әрі ұжым жетекшісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Татарстан Республикасның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері  Камилия Исмаилованың айтуынша, олар осындай шараларға жиі атсалысып отырады.


- «Әлем балалары» хореографиялық  би ансамблі қаладағы Достық үйінде де мерекеге орай көптеген шараларға қатысты. Абай театрында өтіп жатқан мерекеге орай қойылымдарға белсене атсалысып жатыр.  Балет – үздіксіз жаттығуды, темірдей төзімді, белгілі бір жетістікке жету үшін уақытты қажет ететін өнер,-дейді Камилия Исмаилова,- «Әлем балалары» ұжымы бекзат өнерді бала жасынан меңгергендер. Халықаралық деңгейде Гран-При алған сәттеріміз де өте көп. Қазір аймақтарда қазақ би өнерінің қарқынды дамып отырғанын байқап отырмыз. Сондықтан да біз классикалық бимен қатар ұлттық би өнеріне де тәрбиелеудеміз. Достық үйінің түрлі мәдени шараларына «Әлем балалары» белсене қатысады.

Раушан Нұғманбекова,

"Егемен Қазақстан"

Семей