28 Мамыр, 2011

Күн тәртібі сараланды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті оты­ры­сы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жобасы де­путаттардың талқысына шыға­ры­латынын хабарлады. Атап айт­қанда, олардың арасында «Қар­жы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы ке­лісімді ратификациялау тура­лы» және Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріп­тес­тік туралы шартты бекітуді қарастыратын заң жобалары бар. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастарына қатысты түзе­ту­лер енгізуді көздейтін заң жобасы екінші оқылымға дайын екенін мәлімдеді. Ал Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Неке (ерлі-зай­ып­тылық) және отбасы туралы» заң жобасын үшінші оқылымда күн тәртібіне енгізуге дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар Үкіметтен келіп түскен «Бірыңғай экономи­ка­лық кеңістікке мүше мемлекеттердегі қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы», «Өнер­кәсіптік субсидияларды бе­ру­дің бірыңғай қағидалары ту­ралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бой­ынша қоры­тын­ды әзірлеу жө­нін­дегі мәселе қаралды. Бір­қатар заң жобалары бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныстар жасалды. Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қа­тыс­ты басқа да мәселелер қаралды. «Егемен-ақпарат».