28 Мамыр, 2011

Депутаттармен дидарласты

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрлігінде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы барысында Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарының жүзеге асырылуы жайында баяндама жасады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. Қазақстан сыртқы саясат ве­дом­ствосының басшысы депу­тат­тарды еліміздің 20 жылдық тәу­ел­сіздігімен қатарласа келе жат­қан сыртқы саясаттағы қол жеткізілген жетістіктер және қоры­тын­дылармен таныстыра отырып, еліміздің ЕҚЫҰ-дағы өткен сәтті төрағалығы мен Ұйымның Астана саммитінің жемісті өткеніне, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға қазіргі төрағалығы мен алдағы ИКҰ-ға төрағалығына жан-жақ­ты тоқталды. Қазақстанның таңдауы, ең ал­ғашқы күннен бастап, халықтар арасында бейбітшілік пен тату көршілік қатынастар орнатуға бағытталған бастамаларды алға жылжыта отырып, өзінің ұлттық мүдделерін мүмкіндігінше сақтау болып табылғаны атап көрсетілді. Қазақстанның халықаралық және аумақтық беделді ұйым­дар­ды басқаруы еліміздің халық­ара­лық аренадағы сөзсіз беделінің айғағы мен сыртқы саяси стра­тегиясының жемісті жүргізілуі Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың Қазақстан тәуелсіздігінің елең-алаңында берген тапсырма­сы, деп мәлімдеді Е.Қазыханов. Осыған байланысты министр Астананың әлемдік саяси аре­на­дағы позициясын нығайту және оның жаңа геосаяси мәселелер талабына толық жауап беретін стратегиясын қалыптастыру Қа­зақ­стан болашағын жаңа жетістіктерге жеткізетініне екпін түсірді. Отырысқа қатысушылар Тәу­ел­сіздіктің 20 жылдық мерей­тойына орайластырылған шет елдердегі СІМ арқылы жос­пар­ланған іс-шаралармен таныс­ты­рылды.