28 Мамыр, 2011

Ықпал ету тетігі күшейтілуі тиіс

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы мен «Нұр Отан» ХДП-ның Парламенттегі және мәслихаттардағы заңнамалық және норма шығармашылық қызметі жөніндегі комиссиясымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша шет ел сарапшыларының қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараны өткізудегі мақсат ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі мемлекеттік ық­пал ету механизмдерін күшейту, онымен күрестің жаңа түрлері мен әдістерін енгізу, оның өмір сүруін қаржыландыруының қай­нар көздерін жою, сондай-ақ онда мемлекеттік қызметкерлердің қатыс­ты болу фактілерін анықтауды қарастырған жоғарыда аталған Ішкі істер министрлігі жасаған заң жобасын талқылау болды. Дөңгелек үстелге заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты, заң ғы­лым­дарының докторы Николай Турецкий модераторлық етті. Заң­нама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, фракция жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламенттегі және мәслихаттардағы заңнама­лық және норма шығармашылық қызметі жөніндегі комиссияның Төрағасы Рахмет Мұқашев пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі басшысының орынбасары Жаннет Клётцер беташар сөз сөйледі. Ішкі істер министрінің орын­ба­сары Амантай Әубәкіров «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы іс-қимыл мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заң жобасының тұсаукесер баяндамасын жасады. Заң жобасы Мемлекет бас­шы­сының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 45-тар­ма­ғын орындау үшін әзірленген. Заң жобасы биылғы жылдың 18 мамыры күні Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Дөңгелек үстелге Грузия Бас прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Натиа Сонгулашвили қатысып, «Грузия және қылмыс әлемі: құқықтық және тә­жірибелік аспектілер» деген та­қырыпта сөз сөйледі. Заң жо­ба­сын талқылау барысында депутаттар Н.Әбдіров, Ш.Мыр­зах­ме­тов, Ұ.Елеубаев, Н.Сабильянов заң жасаушыларға сұрақтар қойды.
Соңғы жаңалықтар